Оқиғалар
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Оқиғалар

Таңғажайып «магнит» бала

Таразда «магнитті бала» бар. Түрлі-түсті металдарды денесінде ұстап тұра алатын қасиетке ие алты жасар Нұрдәулеттің мұндай ерекшелігін алдымен атасы байқапты. Қазір баланың қабілеті күн санап арту үстінде. 

Жан анашым өлген күні туыппын...

Айнұр өмірге келген сәтте қатар соққан қос жүректің бірі кілт тоқтады. Осылайша жарық әлемге аяқ басқан сәбидің туылуы қаралы күнмен қабат келді. Тамақ іздеген балапандай ауызын қайта-қайта ашқан нәрестеге қара жамылған үйде бет бұрып жатқан жан баласы болмады. Жарын жоғалтқан жігіттің төбесіне үйірілген қара бұлт оны қамсыз тірліктен түңілдіріп жіберген сияқты. Баянды бағынан ойда-жоқта айырылған оның қайғысына әкелік махаббаты да араша түсе алмады. «Ол аман болса әлі талай бала-шағам болар еді ғой» деген Тұрардың ойы анасыз қалған өз қызынан оны күн сайын алыстата берді. Осыны көрген нағашылары: «Қызымыздан айырылған бізбіз. Ұлдарыңның басы аман болса немересіз қалмассыңдар»,-деп жаңа туған нәрестені көтеріп кете барды. 

ВИЧ індетіне қатысты тағы да шу шықты

Сонау 2006 жылы ВИЧ індетін жұқтырып алған балалардың ата-аналары «СК-Фармацияны» дәрілерді тым жоғары бағамен сатып алады деп айыптап отыр. Оның дәлелі ретінде 2014 жылғы кедендік декларацияны көрсетті.

Астан ұшынып, қаза болды

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында 23 адам ботулизмге шалдыққан. Соның бесеуі балалар. Үйде тұздалған тағамнан уланған түркістандық тұрғын дер кезінде дәрігерге қаралмай, ауруы асқынып, көз жұмыпты.

Арыста тағы да жарылыс болды

Өткен жексенбіде Арыс қаласындағы оқ-дәріні залалсыздандыратын полигонда жарылыс болды. Апат салдарынан «Қазтехнология» мекемесінің 41 жастағы инженері Ермұрат Иманқұлов қаза тапты. Айта кетейік, Жарылыс орын алған сәтте полигонда барлығы 17 адам болған.

Үш айда 7 рет ауырып қалған басшы қызметінен кетті

ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы Берік Мейірбеков қызметтен кетті. Бір қызығы, департамент басшысы 99 жұмыс күнінің ішінде 7 рет денсаулығына байланысты демалыс алған. Алайда, оның қызметтен кетуіне басты себеп бұл емес.

Әкім айтқан ащы шындық

   Шымкент қаласы аумағы жағынан республика бойынша Алматы және Астананы басып озады. Шаһардың бас жоспарына сай қала 117 мың га жерді алып жатыр. Алматы аумағы 76 мың га болса, Астананың жер көлемі 71 гектарға жетеді. Бірақ, алып жерді алып жатқанымызбен облыс орталығында ұлтарақтай жерге зар болып жүрген халық қаншама. Ол ол ма, жер алдым деп қуанған кейбір тұрғындардың жүзінен қуанышты байқай қоймайсыз. 

Ашынған халық көтеріліске шықты

Тағы да шаһар тазылығы туралы сөз қозғамақпыз. Бұл жолы ластанған ауаны жұтуға мәжбүр болып келген шымкенттік тұрғындар қоқыс полигонына баратын жолды жауып тастады.

Мал азығын өртеп жүргендер қашан ұсталады?

Арыс ауданына қарасты Монтайтас елдімекенінде әлдекім жұртшылықтың жинаған шөбін өртеп жүр. Төтеннен тұтанған тілсіз жаудан халық әбден мезі болған көрінеді. Жергілікті тұрғындардың қыстың қамымен жинаған мал азығына қырғидай тиіп жүрген кім екені белгісіз. Жем-шөп сақтайтын қора-қопсылары өртке оранып, оның тек күлі ғана қалған. Әккі әрекетімен ауылды әуреге салған бұзақы әлі күнге ұстатпаған. Оған тіпті, полицейлердің де пәрмені жетер емес.

Полицейді ұратындар көбейіп барады

Жыл басынан Оңтүстік Қазақстан облысындағы полиция қызметкерлеріне 75 рет қарсылық көрсетілген. Соның 60-ы бойынша іс сотқа жолданыпты. Өткен аптада, яғни 2015 жылдың 22 қазаны күні Шымкент қаласындағы Тельман бөлімшесінде 62 жастағы азамат және оның апталдай екі ұлы жабылып, полиция қызметкерін сабап тастайды. Онымен қоймай көлігінің терезе әйнегін сындырған. Сондағысы не? Полиция капитаны әлгі ағалы-інілі жігіттердің біріне «сотқа шақырту» қағазын алып келген. Ашығын айтсақ, інісі ұсақ бұзақылық жасаған екен. Бірақ, адамды соттайтын полицей емес, басқа өкілетті тұлға екенін білмеген тельмандық тұрғындар әуелгіде тәртіп сақшысын бас салып таяққа жығады. Енді олар ұсақ бұзақылық үшін емес, құқық қорғау қызметкеріне жабылып күш көрсеткені үшін жауапқа тартылды.

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Астаналық бойдақ жігіт Баян Есентаеваға үйленуге дайын екенін айтты

Танымал продюсер Баян Есентаева оқиғасы елді есеңгіретіп, көптің талқысына түскен еді. Бүгінде ауруханада жатқан продюсердің амандығын тілеушілер саны күн санап артуда. Нұрталап Пердебек есімді астан...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter