Оқиғалар
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Оқиғалар

Тұрғындардан тыныштық кетті

Шымкенттік кәсіпкердің пышақталған он бір жасар қызы есін жиды. Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаевтың айтуынша науқас есін жиғанымен жағдайы ауыр. Еске салсақ, 2015 жылдың 23 қазан күні «Самал» шағынауданында тұратын кәсіпкердің үйіне қарақшы түсіп, үйдегі үш әйелді пышақтап тастаған-ды. Оқиға күндізгі 10.30-дар шамасында, отағасының жұмысқа шығып кеткен кезінде орын алған.

Асығыс автобустар ауыздықтауға көнбей тұр

Қоғамдық көліктердің жолда жарыса жөнелетіні, жол ережелерін жиі бұзатыны, ыңғайы келсе бір-бірін басып оза жөнелетіні жайында аз айтылып жүрген жоқ. Таяуда айтпасқа болмайтын бір қайғылы оқиға орын алды. Айдың-күннің аманында отыз жеті жастағы келіншекті қапелімде автобус (№78 бағыттағы) қағып, тіл тартпай кетті. Ізінде қос құлыны шырылдап жетім қалды.

Қала күні бір апта тойланды

Өткен аптаның соңында Шымкенттің туған күнін кең көлемде атап өттік. Биыл бұл датаны тойлау бір аптаға жалғасты. Қазанның 10-нан бастау алған іс-шаралар жоспарға сай өтіп жатты. Бір аптаның әр күні өзіндік атауға ие болып, «Жаңару мен тазалық», «Саламатты өмір салты күні», «Болашақтағы - Шымкент», «Шымкент – достық мекені», «Ғасырлар тоғысындағы қала», «Шуағын шашқан Шымқала» шаттық күні айдарларымен аталып өтілді. Тек қала күні белгіленген датада, яғни, 17 қазанда кейбір іс-шаралар жоспардан тыс өзгерді.

Әкімдіктің ғимаратынан өрт шыққаны рас па?

Асқар Мырзахметов әкім болып тұрған тұста қолға алынып, салына бастаған ең үлкен құрылыстың бірі де бірегейі жаңа әкімшілік-іскерлік орталық болатын. Айналасы атшаптырым жер. Мұнда театр дейсіз бе, көрме орталығы, мектеп, балабақша сияқты әлеуметке қажеттінің бәрі бар. Цифрларды сөйлетсек осынау орталықтың құр жерін сатып алуға бас-аяғы 1 млрд 833 млн теңге кетіпті. Сол кездегі бағаммен тұп-тура 10 млн доллар. Осындағы ғимараттардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 14,5 млн теңге шығындалған. Ал, жалпы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысына 82 млрд теңгеден астам қаражат кеткен. Бұл дегеніңіз - 500 млн доллар. Қырғызстан сияқты елдердегі ЖІӨ-нің 10 пайызға жуығы.

Келісін 100 теңгеден сатып жатыр

Оңтүстікте мақта теру науқаны қызып тұр. Қазірдің өзінде мақтаның бірінші терімі аяқталып келеді. Биылғы маусымда 265 мың тонна мақта жинау жоспарда бар. Күнгейдегі мақташылар 99 мың гектарға шит сеуіпті. Дәл қазір межеленген ақ алтынның 54 пайызы жинап алынған.

Мектепке жарымай, жатақханада оқып жүр

Мақтаарал ауданы Қарақыр ауылындағы А.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектепте 200-ден аса бала үш ауысымда оқиды. Кезінде мақта терімге келген жәрдемшілерге салынған жатақхана бүгінде мектепке ыңғайластырылған. Бірақ аядай ғимаратқа оқушы сыймай, бастауыш сынып оқушылары қара кешке дейін оқуға мәжбүр.

Астанада автобус апатқа ұшырап, жолаушылардың бірі омыртқасын жарақаттады

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, үш жолаушы мен жүргізуші жарақат алды. Медициналық тексерістен кейін зейнеткер әйелдің омыртқасы сынғаны анықталып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лариса Красникова мәлім етті.

БҚО-да 5 адам иіс тиіп көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында екі күннің ішінде бірнеше улану оқиғасы орын алып, 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Полиция қызметкері жолаушыны пойыз астынан суырып алды

Қыркүйек айының соңында Астана вокзалында төтенше оқиға болды. Пойыз астына түсе жаздаған жолаушыны полицияның аға сержанты аман алып қалған, деп хабарлайды Bnews.kz.

Павлодарда жеткіншектер құрдасының үстіне бензин шашып, өртеп жіберді

Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері жеткіншектер өртеп жіберген Набережное ауылының 11 жасар тұрғынын аман алып қалды, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісі.

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Астаналық бойдақ жігіт Баян Есентаеваға үйленуге дайын екенін айтты

Танымал продюсер Баян Есентаева оқиғасы елді есеңгіретіп, көптің талқысына түскен еді. Бүгінде ауруханада жатқан продюсердің амандығын тілеушілер саны күн санап артуда. Нұрталап Пердебек есімді астан...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter