Таңғажайып «магнит» бала
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 19 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Таңғажайып «магнит» бала

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Таразда «магнитті бала» бар. Түрлі-түсті металдарды денесінде ұстап тұра алатын қасиетке ие алты жасар Нұрдәулеттің мұндай ерекшелігін алдымен атасы байқапты. Қазір баланың қабілеті күн санап арту үстінде. 

Жақында ғана ұлдарының ерекшелігін білген ата-анасы әліге дейін аң-таң көрінеді. Ал немересінің бойындағы бөлек дүниені қария ерекше таңқалыспен есіне алады. Үйде отырған ақсақал теледидардан бір шалдың үстіне темір-терсектерді жабыстырып жатқанын көреді. Жанында жүрген немересінен қасық әкелуін өтініп, соны өз денесіне жақындатып, теледидардағы әрекетті қайталамақ болады. Бірақ онысынан ештеңе шықпағанына қынжылған қарт жанында ойнап жүрген баласының кеудесіне қасықты қойғанда не істерін білмей абдырап қалады. Өйткені немересінің денесі қасықты өзіне тартып тұрғанын көргенде ол өз көзіне сенбепті. Бастапқыда бір шетінен қатты қорыққан Нұрдәулеттің отбасы дереу дәрігер мен психологтың көмегіне жүгінуді жөн санаған. Тек мамандар одан балаға төнер қауіп жоғын айтқанда барып жандары жай тауып, сабаларына түсіпті. 

Сол бір тосын оқиға туралы кейіпкеріміздің өзі: «Атам қасық әкел деді. Әкеліп бергенімде атама емес, маған жабысты. Сосын атам мұны бәрін шақырып айтты»,-дейді 24.кз арнасына берген сұхбатында. Қазір даярлық тобында білім алып жүрген Нұрдәулет Арыстанбек есейгенде ғарышкер болуды армандайды екен. Алғашында оның кеудесіне тек бір қасық қана жабысқанымен, 10 күн өткенде тартылыс күші едәуір ұлғайған. Бүгінде оның денесі алты қасықты немесе үш бірдей ұялы телефонды ұстап тұра алады. Сондай-ақ, баланың кеудесіне кәдуілгі үлкен планшет те жабысады екен. 

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары мұңдай ерекше қабілеті бар жандар саны артып келеді. Солардың қатарында оралдық Қарлығаш Нығметова да бар. Тіпті оның аты осы қабілетінің арқасында әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына енген екен. Бұдан өзге Талдықорған өңірінде үш жасар Қызғалдақ есімді бүлдіршініміз де осындай қабілетке ие. Оның да денесіне бастапқыда бір қасық, қазір алты қасыққа дейін жабысады екен.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік жүргізушілер полицейлерді таң қалдырды

Шымкенттік полицейлер қаладағы көлік жүргізушілерінің жедел жәрдем қызметіне қаншалықты құрметпен қарап, жол беретінін анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент ролигін түсірді. Бір қызығы, нәтижесінд...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің басшысы Валентин күнімен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан виртуалды достарын әулие Валентин күнімен құттықтады. Жылы лебізін шенді қызметкер «фэйсбук» әлеуметт...

Korrespondent.kz Қоғам

Бердібек Сапарбаев қар тазаламаған қызметкерлеріне ұрсып тастады (видео)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коммуналды шаруашылық саласының қызметкерлеріне ашуланғаны соншалық, эмоциясын жасыра алмады. Бұл туралы youtube.com хостингіне Асқар Ақтілеуі есімді азаматты...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы орысшаға қазақ тілінде жауап беретіндерді жұмыстан қуатынын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орысша хатқа қазақ тілінде жауап беретіндер жұмыстан қуылатынын ескертті. Бұл туралы SN.KZ хабарлады. 

Korrespondent.kz Саясат

Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

82
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

82
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №3

77
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №2

84
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №1

78
Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter