Уильям Шекспир – №1 жазушы
Стратфорд... Аядай қаланың атағы ұлы драматургті өмірге әкелмесе мұншалықты аспандар ма еді, кім білсін?! Өз елінде «ақын» деп аталғанымен, атын әлемге әйдік еткен оның пьесалары болатын. Өмірі мен шығармашылығына келгенде сұрақ белгісі көбі былай тұрсын, өзі сұрақ белгідей көрінетін Уильям Шекспирдің тағдыры кім-кімді де қызықтырмай қоймас. Ағылшын әдебиетінің зиялысын бүгінде жер жүзі классиканың атасындай ардақ тұтады. Драматургияға сіңірген сансыз еңбегін сөз еткен француз жазушысы Андре Маруа мәдениет тарихындағы үш ұлы жазушының алғашқысы деп Шекспирді мойындаған еді. Олай болса, сол әлем әдебиетіндегі «нөмірі бірінші» жазушы туралы өзекті дүниелерді бөлісейік...