Баба түкті Шашты Әзіз
Күш атасы Қажымұқан додаға түсерінде: «Уа аруақ, Баба түкті Шашты Әзіз»,-деп айбарланатын әулие осы. Бүгінге ғасырларды аттап өтіп аты жеткен, бейітіне сан мың адам ағылатын кесене Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылы, Жылыбұлақ жерінде орналасқан. Кезінде әулие осы Жылыбұлақты қара кетпенмен өз қолымен қазған екен.