Баба түкті Шашты Әзіз
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Баба түкті Шашты Әзіз

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Күш атасы Қажымұқан додаға түсерінде: «Уа аруақ, Баба түкті Шашты Әзіз»,-деп айбарланатын әулие осы. Бүгінге ғасырларды аттап өтіп аты жеткен, бейітіне сан мың адам ағылатын кесене  Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылы, Жылыбұлақ жерінде орналасқан. Кезінде әулие осы Жылыбұлақты қара кетпенмен өз қолымен қазған екен.

Дін үйрету үшін Шашты Әзізді Арабстаннан алдырыпты

Қиын-қыстау кезде тәу ететін әулиенің бейнесі қазақ әдебиетінде де жиі ұшырасады. Қадырғали бек Қосымұлының жазбасында «Алтын Орданы 1312-1341 жылдар аралығында билеген Гиясаддин Мұхамед Өзбек хан Арабстаннан арнайы дін үйрету үшін Баба Түкті Шашты Әзізді алдырыпты» деген жолдар бар. Бұл – шамамен 14 ғасыр. Сыпыра жырау Тоқтамыс ханға Едігені таныстырғанда да тегіне тоқталғанда арғы ата-бабасы Қағбада қырық жыл патшалық құрған Шаш аты Әзіз деген қарт екенін айтқан. Осы жырда оның анасы Аналық: «Ықылас атты Шашты Әзіз»,-деп баласын әулиеге тапсырғанын айтады. Осы жыр жолдарынан оның аты Ықылас болған болуы мүмкін деген жорамал жасауға да болады. Сондай-ақ, оның кейпі «Алпамыс батыр», «Шора батыр» мен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырларында да кездеседі.

Шоқ үстінде құран оқыған...

Ысқақ баба жергілікті халыққа мұсылман дінін таратуда насихат жүргізгенімен, оны түсінгісі келмегендер: «Бұл діннің қандай кереметі бар?» деп қырын қарауға көшеді. Сонда ол алпыс түйе сексеуіл үйгізіп, үстіне Құмар бабаның ұлы Баба түкті Шашты Әзізді қолына Құран ұстатып, құбылаға қаратып отырғызып қойыпты. Өртенген шоқтың үстін-де Құран оқып отырған баланы көрген дүйім ел жүректерін ұстап, тәубеге келіпті деседі. Кейіннен ол осы Ысқақ бабтың арқасында қажылыққа барады. Қазір Созақта Ысқақ бабтың мазары Баба түкті Шашты Әзіздің қорымынан отыз шақырымдай әріде жатыр.

Ол неге су перісіне үйленді?

Аңыздарда шын аты Баба Тук-лас деп көрсетілетін оның әкесі Керемет Әзіз деген кісі болса керек. Аңызға сенсек, ертеде Меккеде патша, мұсылмандар арасында әулие болған оның мазарына қажылыққа барғандар Мұхаммед пен Әлем Музтазы Сейіттен кейін тәу еткен деседі. Ясауидің арғы бабасы саналатын ол кей аңыздарда Қорқыттың замандасы делінсе, тағы бір деректерде Едіге батырды оның баласы Құтлубектің ұлы дейді.

Естеріңізде болса, «Едіге батыр» жырында ол Едігенің тікелей әкесі ретінде суреттеледі. Ел ішіндегі аңыз бойынша, су жағасында намаз оқып отырған Баба Туклас алтын тарақпен шашын тарап отырған үш пері қызды көреді. Намазын аяқтаған соң үш қыздың бірінің қолынан ұстайды. Қыз суға сүңгігенінде әулие де суға түседі. Кейіннен әулие сол су перісіне үйленеді. Пері қыздың «Аяқ киімімді шешкенде аяғыма, киімімді шешкенде қолтығыма, шашымды жуғанда төбеме қарама» деген шартын бұзған соң оның әйелі ішінде алты айлық баласы барын, оны Құмкент маңына тастап кететінін айтып аспанға ұшып кетіпті. Уағдалы жерден құндақтаулы нәрестені тауып алған Баба Туклас оған айдалада туғандықтан «Едіге» деп есім беріпті. Сол Едіге – Алтын ордаға билік жүргізген, қазақ қана емес, татар, ноғай, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, қырым татарлары, құмық, түрікмен сынды халықтарға ортақ ержүрек кейіпкер.

Бала сұрағандарға бала «берген»

Сонау қиын-қыстау кезеңде кесене маңындағы ауылда поляктар көп болған екен. Бірде олардың ішіндегі бір беделдісі монша салдырмақ болады. Ел ішінде кірпіш дегенді табу қиын уақыт. Содан осы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесіне көз салып, кірпіштерін алмақ болады. Баласын өлтіремін деп қорқытқасын, амалсыздан келіскен тұрғынның кесененің бір бұрышын құлатқанында қолы қалтырап қалған. Осыдан кейін кесененің құдіретіне иланатындар тіпті көбейіпті. Күніне жүзден аса адам тәу етіп келетін оған келіп  құрсақ көтергендер де көп. Тіпті Қырғызстан мен Ресейден, арнайы Англиядан келетіндер де бар көрінеді.

Қажымұқанның өліміне әулиенің қандай қатысы бар?

Қажымұқан қайтыс боларынан он күн (бір деректерде 40 күн) бұрын келіп осы әулиенің басына түнеген деген дерек бар. 1947 жылы Cозақта ауыл адамдарының кеу-кеулеуімен «жынды су» ішіп қойып, әулиенің басына барған ол ертесіне күрес кезінде қатты ауырып, көп ұзамай көз жұмыпты. Бұл жөнінде көнекөз қариялар біразға дейін айтып жүрсе керек. 

Оның басына тәу етіп келген Қажымұқан ғана емес, зиярат етушілердің қатарында Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Сәбит Мұқанов, Қасым Қайсенов сынды ел ағалары да болса керек. Олимпиада чемпионы, боксшы Бақтияр Артаев та әлем алдында ел намысын қорғауға аттарында осы кесенеге ат басын бұрыпты.

Cондай-ақ, өз заманында зікір салу, өлікті жөнелту, ас беру сияқты «түркілік» элементтерді исламға енгізген де Шашты Әзіз деседі.

Қосмолалы әулие

Баба түкті Шашты Әзіздің екі моласы бар. Алғашқысы Созақтың Жылыбұлақ ауылында болса, екіншісі – Маңғыстау облысындағы Үштағанда. 

Қазіргі Ташкент, бұрынғы Шаш қаласында білім алған Баба түкті Шашты Әзіз жас күнінде оқымысты болыпты. Кейіннен көз жұмғанында өз жұрты оны қазіргі Құмкент жеріне қалың шеңгелдің арасына жерлепті. Жоғарыда айтқанымыздай, жорыққа аттанар алдында осы Жылыбұлақтан су ішіп кететін Едіге оның ұрпағы. Деректерде оның бесінші атасы саналатын Шашты Әзіздің басына кесенені Едігенің өзі тұрғызған көрінеді. Ол кезде әулиенің өмірден өткеніне 200 жылдай уақыт болған болса, ол шамамен 1400 - жылдары орын алған оқиға.

Ал оны өз қолымен жерлегендердің айтуынша, қайтыс болғанында мойнынан зауза қоңыздың мүсіншесі табылыпты. Оның ішінде Ұлы Жібек жолының картасы бар екен. Осыған сүйене отырып, оны барлаушы болған деген наным да бар.

Шыңғыс ханның кезінде Орта Азия мен қазақ жеріндегі сәулетті қалаларды сақтап қалудың түрлі әдістері пайдаланылыпты. Соның бірі – осы барлаушыларға берілген карта. Әрқайсысына бір-біріне ұқсамайтын бейнелі бойтұмар берген. Міне сондай амулеттің бірі Шашты Әзізде де болған. Бұл – бір жауабы табылмаған жұмбақ. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter