«Папасының»Баласы...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Папасының»Баласы...

  • Ж.ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

(Жалғасы. Басы өткен нөмірде)

Шыңғыс Жұмабекұлы МҰҚАН,
Атырау
облысы әкімінің орынбасары:

   

Белгілі журналист, талай жыл «Шардара тынысы» газетін басқарған Жұмабек Мұқановтың ұлы.
Шыңғыс Мұқан 1984 жылы дүниеге келген. Отыздан енді асқан шенеунік жастығына қарамастан талай «майлы» қызметтерді атқарып үлгерген. Әкенің беделі әсер етті ме, әлде шынымен де іскерлігі басым болды ма?.. Ол жағы бізге белгісіз. Белгілісі, бүгінде ұлының қызметтік мансабы әкенің шығармашылығына әжептеуір септігін тигізіп отырғандай.

Жұрт еңбек жолын 2003 жылы «Жас Алаш» газетінің тілшісі болып бастаған бала Шыңғыстың қызметтік баспалдақтан көтерілуіне Астананың экс-әкімі, бүгінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің ықпалы болған деседі. Шыңғыс Жұмабекұлының сыртқы келбеті де Имекеңе келеді. Құдды бір Иманғали Нұрғалиұлының жас кезін көргендей боласың. Кім біледі, бәлкім ел сыртқы келбеттерінде ұқсастық болған соң да екі шенеунікті байланыстырып жүрген шығар. Ал кейбір басылымдар Ш.Мұқанды Атыраудың қазіргі әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің командасына қосып қойған. Оған себеп те бар. Мәселен, Жұмабектің ұлы 2007 жылы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің баспасөз хатшысы қызметіне кіріседі. Ол кезде аталған ведомствоға Бақтықожа Ізмұхамбетов басшылық ететін еді. Кейін Ізмұхамбетов Батыс Қазақстан облысына әкім болып барады. Бұл кезде Шыңғыс аталған облыстағы «Жайық-Пресс» ЖШС-нің бас директоры қызметіне отырды. Бақтықожа Салахитдинұлы әкімдік орнынан босап, Мәжіліске кеткенде де Шыңғыс Мұқан Астанаға қоныс аударып, 2012 жылдың мамырынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің мәдениет, тіл және спорт секторының меңгерушісі болды. Дәл сол жылы тамызда Атырауға басшы болып барған Ізмұхамбетов бұл жолы да сенімді кадрын өзімен алып барды. Содан бері Шыңғыс Мұқан Бақтықожаның қасынан бір елі ажыраған жоқ. Ел арасында Бақтықожа мен Шыңғыс мырзалар бір-біріне «бойтұмар» екен деген де әңгемелер тараған еді. Алғашында атыраулықтар бала Шыңғыс орынбасарлық қызметке лайық емес деп наразылық танытқан да болатын. Халық шулады да қойды. Одан бері бақандай 3 жыл өтті.

Шыңғыс мырзаның қос-қостан дипломы бар. Ағылшын тілінің аудармашысы. Оны қоя беріңіз, шенеунік қазақ пен орыс және ағылшын тілдерінен бөлек испанша да еркін сөйлейді. Мектепте неміс тілін оқығанымен, 8 сыныптан бастап ақылы ағылшын тілінің үйірмесіне қатысқан. Мұны шенеунік балалық шағы туралы сұхбатында мақтанып айтып жүр.
Балалық шағы Шардарада өткен Шыңғыс ішімдік ішпейді, ұн мен қант өнімдерінен бас тартқан. Түскі үзіліс кезінде спорт залына баруды дағдыға айналдырыпты. Не деген энергия десеңізші... Өткен жылы 7 келі салмақ тастаған. Онымен қоймай, шенеунік бір жылда 256 сағатты немесе 32 жұмыс күнін жиналыстарда өткізген. Ең қызығы, мемлекеттік қызметкер бір жылда поштасына келген хаттарды оқуға 28 жұмыс күнін арнапты.

Жұмабектің ұлы аймақ басшысының орынбасарлығымен қатар «Атырау» футбол клубының президенті қызметін де қатар алып жүр. 2014 жылдағы мәлімет бойынша жары Майрам Мұратбекқызымен бірге екі ұлды тәрбиелеп отыр.

   Асқар Сәкенұлы ҚАНЫБЕКОВ, Шымкент қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбековтің ұлы. 

1989 жылы 4 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Алдымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған ол кейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2012 жылы тәмамдайды. Мемлекеттік және жергілікті басқару мен экономика саласы бойынша жоғары білім алған. 21 жасында еңбекке араласты. Оның қызметтік баспалдағындағы жолдарға көз жүгіртсеңіз, талай қызыққа куә боласыз.

Еңбек жолын алдымен Оңтүстік Қазақстан облысы, Бадам ауылдық округі аппаратында салық инспекторының міндетін атқарушы болып бастаған. Бір айдан соң бас маман болып жұмысқа тұрады. Бір қызығы, өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіне алмады ма, әлде басқа да себептері болды ма, бас маман болып небәрі 7-ақ күн еңбек етіпті. Мұнан соң аталған ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман іс басқарушы болып жұмыс істеді.

2011 жылдың 14 қаңтарынан бастап Шымкентке келеді. Мұнда қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне қарасты өнеркәсіп және орта, шағын бизнес секторында бас маман қызметін атқарған. Тура 9 айдан соң Алматы облыстық мәдениет басқармасының ішкі бақылау қызметіне бас маман болып жұмысқа тұрды. 2012 жылдың 7 тамызында Алматы облысына қарасты Көксу ауданы, Еңбекші ауылдық округіне әкім болып тағайындалды. 23 жасында «әкімдік» креслоға жайғасқан Асқар балалық танытты ма, әйтеуір бұл міндетті «шала» атқарған сыңайлы. Өйткені 2013-тің 24 маусымында тұтастай ауылдық округке басшы болған ол аталған округ әкімдігінің аппаратында бас маман болып орнынан түсіп қалды.

Екі айға жуық бас маман болған Асқар қайтадан Шымкентке жол тартады. Себебі өзіне ғана белгілі... Бәлкім, әкесі облыс басшысының орынбасары болып тұрғанда екі қолға бір күрек табылар деп ойлаған болуы керек. Содан, Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарды. Екі айдай ресми түрде басшы болмаған ол 2013 жылдың 13 қарашасында дегеніне жетіп, кәсіпкерлік бөлімінің тізгінін ұстады. Содан бері жылы орнын ауыстыра қойған жоқ. Айтпақшы, бұл аралықта Асқар Сәкенұлы біліктілікті арттыру курсынан өтіп, қолына сертификат алып үлгерді. Ағылшын мен орыс тілдерін жетік меңгерген оның ағылшыншасы мақтауға тұрарлықтай емес. Сөздікпен аудара алады. Экономика ғылымдарының магистрі атанған 26 жастағы шенеунік 5 жылдық еңбек өтілінде талай қызметтің басын шалып үлгерді. Кім білсін, әкесі секілді жанына жақын қызметке әлі лайық емес шығар. Бірақ, жас келсе іске деген бар емес пе?.. Айта кетейік, Асқардың әкесі Сәкен Қаныбеков 2010 жылдың сәуір айынан бері облыс әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келеді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter