«Аналық капитал» қазаққа да керек
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Аналық капитал» қазаққа да керек

  • Жанат ҚАПАЛБАЕВА

Ағымдағы жылдың ақпанында еліміздегі халық саны 17 млн 693,5 мың адамға жетті. Қалалықтар – 10 082,7 мың (57%) болса, ауылдықтар – 7 610,8 мың адамды (43%) құрады. Өткен жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 254,2 мың адамға немесе 1,46 %-ға өсті. Бүгінде туу мен өлім коэффициентінің айырмасы біршама жақсарды. Мәселен, туудың жалпы коэффициенті 1 000 адамға 23,31 адам болса, өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,04 адам. Яғни, дүниеге келіп жатқан адам саны өмірден өткендерден 2-3 есе көп. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1 000 адамға шаққанда - 15,27 адам. 

Біз неге көбеймей жатырмыз? Бұл сауалға әркім әрқалай жауап беруге тырысады. 

1. Ел арасында кең таралған тұжырым – халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлығы. Баспанасы мен тұрақты жұмысы жоқ, ертеңге сенімі азайған отбасылар бір баладан кейін шектеліп, әуелі тіршілік қамын жасап алуға тырысады. 

2. Демограф Мақаш Тәтімов айтып жүрген сүрбойдақтар мен кәрі қыздар мәселесі. Демограф кәрі қыздар саны 350 мыңнан асып кеткенін айтып, дабыл қаққалы бірнеше жыл болды. Одан кейін 30-50 жас аралығындағы сүрбойдақтар саны 250 мыңға жуықтағанына алаңдады. Осыған орай бойдақтарға салық салу, екінші әйелге заңды түрде рұқсат беру сияқты мәселелер жоғары инстанцияларда жиі-жиі көтеріледі. 

3. Жасанды түсік. Елімізде жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалады екен. Бұл тек ресми мәліметтер. Соңғы он жылда республикада жасанды түсік жасау үш есеге төмендегенімен, Еуропа елдерімен салыстырғанда жасанды түсік жасау көрсеткіші әлі де болса біршама жоғары. Бүгінде Еуропа елдерінде мың адамға шаққанда үш-төрт әйел жасанды түсік жасатса, біздің елімізде бұл көрсеткіш, мың адамға шаққанда 18 әйелден келеді. Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдың ішінде Қазақстанда үш миллионнан астам сәби тумай жатып о дүниелік болып, аборттың құрбанына айналған деуге болады. Сол үш миллион бала туылғанда қазақтың саны 20 миллионға жетер еді. Бұл жерде бедеулік мәселесін де айта кеткен жөн. Өйткені, әрбір бесінші бедеуліктің себебі – жасанды түсікте. 

4. Бедеулік. Еліміздегі бала тууға қабілетсіз жұптардың үлесі 15-16 пайызды құрайды. 

5. Елден көшкен эмигранттар саны артып, көшіп келушілердің азаюы. Бір жылда 1559 адам шетелге қоныс аударған. Сәйкесінше, көшіп келушілер саны күрт азайып жатыр. Көші-қон полициясы органдары ұсынған мәліметтерге көз салсақ, мигранттар саны өткен жылмен салыстырғанда 35,8% кеміп, 1111 адамды құрады. Бір жылда 1111 адам ғана Қазақстанға қоныс аударыпты! 

Бұдан басқа да көптеген себеп-салдар айтылып жатады. Ең негізгілері осылар. Осылардың ішіндегі бастысы – халықтың әлеуметтік жағдайын қарастырып көрелік. 15 жылдан бері әскери қызметкер болып жұмыс істейтін Нұрлыбек (есімі өзгертіліп алынды) – 4 баланың әкесі. Пәтер жалдап тұрады. 8 жылдан бері баспана кезегінде тұр. «Алдымда кезекте тұрған 3 мыңнан астам адам бар. Денсаулық барда балалы болғанға не жетсін. Әйелім екеуміз тағы 2 баланы өмірге әкелгіміз келеді. Алайда пәтерден-пәтерге көшіп жүріп, көпбалалы болғанымнан не пайда» дейді Нұрлыбек. Тағы бір кейіпкеріміз – Гауһар. «Үлкен балам 1994 жылы туды. Үйіміз жоқ, жолдасыма 3-4 ай жалақы бермеді. Кейбір кезде нан сатып алуға ақша таппай қалатынбыз. Солай алты жыл өтті. Пәтер сатып алуға орыстардың көшкені көмек болды – бағалары күрт түсті. 2002 жылы екінші баланы таптым. Алла 2008 жылы үшінші баланы берді. Жасым ол кезде 41-де болатын. Жұмыста бәрі таң қалатын. Менен 10-15 жас кіші келіншектер бір бала, әрі кетсе екі баладан артық таппайды. Дені сау әйел қашанда бала тапқысы келеді. Өйткені ол – табиғат заңы. Бірақ аш қала ма, жеткізе алар ма екенмін деп аландайсың. Билік тұрмыс жағдайымызға қарасып, жәрдемақыны көбейтсе, баланың саны көбейер еді. Ертеңгі күннен қорықпасам, өзім де кезінде кемінде 5-6 бала табар едім ғой» дейді Гауһар.

Расында да, мемлекет жағдай жасаса, балалы болудан қашпаймыз деушілер аз емес. Қай дерекке сүйенсек те, отбасыларда орта есеппен бір-екі баладан аспайтыны рас. Екі баладан деп томпайтып алғанның өзінде демографияның қарапайым заңдылығына сәйкес, бізде өсім жоқ деген сөз. Демек, әлемдік тәжірибедегідей баланың тууына жағдай жасап, ынталандырып, халықтың өсімін жылдам көбейту керек-ақ. Өйткені, әлеуметтік жағдай болмаса – бала да жоқ. Біздегі баланың туылуына байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері төмендегідей:

Шындығында арзымайтын ғана ақша. Әйел бала күтімімен үйде отырған уақытта 12-18 мың теңге қай жыртығын жамайды? Жаялық пен сүтіне жетсе, соған шүкір. Бір кездері бала күтімімен үйде отырған әйелге ең төменгі жалақы мөлшерінде ақша төлеу, оны кемінде 2 жыл төлеп отыру туралы ұсынысты сенатор Қуаныш Айтаханов көтерген еді. «Біздің жеріміз кең байтақ. Бірақ халқымыздың саны аз. Осы тұрғыдан келгенде ел тәуелсіздігіне әсер ететін басты мәселе - халық санын көбейту. Ал халық саны ана мен балаға жағдай жасауға тікелей байланысты» деді Қ. Айтаханов. Бұл ретте сенатор облыс әкімдерінің рейтингі ана қамқорлығы мен баланың табиғи өсіміне қатысты айқындалуы тиістігін алға тартты. Мәселен, биылғы ең төменгі жалақы мөлшері – 21 364 теңге. Алайда, билік аналарға оны да қимай отыр. 

Бұл ретте бізге үлгі болар 2 көршіміз бар. Оның бірі – өзбектер. Өзбекстанның халық саны 1991 жылы 20 млн 708 мың болса, қазір 31,5 миллионға жетті. 25 жылда – 11 миллионға ұлғайды. Ал Қазақстан 25 жылда сол баяғы 17 млн-ның төңірегінде. Халық саны ең басты саясат екенін, елдің даму көрсеткіші екенін ескерсек, біздің осы күнге дейінгі әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріміз тұрмысымызды жақсарта алмағаны ма? Үлгі болар екінші көршіміз – Ресей. Ол елде 2007 жылдан бері аналарға арналған капитал беріліп келеді. Оның көлемі - 453 026 рубль (2 млн 265 мың теңге). Отбасындағы екінші баладан бастап беріледі. Соның арқасында елде туу көрсеткіші айтарлықтай жақсарған. Оған дейін Ресей халқының жыл сайын 1-2 млн адамға азайып отырғаны белгілі. 2000 жылдары жылына 1 млн бала туылып отырса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 2 млн балаға жетті. Статистикалық зерттеулер аналық капиталға ие болған ресейлік ата-аналардың 95 %-ы сол қаржыны баспанаға жұмсағанын көрсетіп берді. Сол 2,2 млн теңгені қазаққа берсе, қай қаладан болса да, баспана алуға көмегі тиеді ғой. Нұрлыбек сияқты баспанасыз жүргендердің бала санын ұлғайтуға барлық мүмкіндігі болар еді. 

Біздің елімізге де сондай бір бағдарлама керек-ақ. Еш бағдарламасыз өсіп жатқан өзбектерден үлгі ала алмасақ, ең болмаса Ресейден үлгі алсақ, жарар еді. Бірақ... Әй, қайдам. Ең төменгі айлықты қимаған билік 2 миллион теңгені қолға ұстата саларына көңіл шіркін онша сенбейді...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

ата ана
+1 ата ана 17.04.2016 13:28
өте дұрыс айтылған мен толықтай келісемін
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter