Құрбандыққа шалынған малдың әрбір тал қылшығы үшін сауап жазылады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Құрбандыққа шалынған малдың әрбір тал қылшығы үшін сауап жазылады

  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Ораза айттан кейін араға жетпіс күн салып қасиетті Құрбан айт мерекесі келеді. Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мереке саналатын бұл күн биыл қыркүйек айының 12-не тура келіп отыр. Яғни, осы күні айт намазы оқылады. Ал, 11 қыркүйек, яғни айттан алдыңғы күн – арапа. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахаб, яғни жағымды амал есептеледі. Бүгінде бір қауым ел қасиетті Меккеде қажылығын өтеп жатса, елде қалған тілекші қауым құрбандық шалудың қам-қарекетінде жүр.

Қажылық та, құрбандық та пенде үшін өзінің ең көркем амалдары арқылы Аллаға бір қадам жақындауға мүмкіндік береді. Қажылық – мұсылмандар үшін берілген бес парыздың бірі болса, құрбан шалу – Алла Тағаланың арнайы айтқан әмірі, Ибраһим (а.с) пайғамбарымыздан жалғасып келе жатқан сүннет. Алла Тағалаға берген уәдесін орындау үшін Ибраһим пайғамбарымыз бауыр еті баласын құрбандыққа шалуға шешім қабылдайды. Өзіне шексіз берілген олардың бұл әрекетіне риза болып, мейрімі түскен Алла көктен көк қошқар жібереді. Пайғамбарымыз хадисінде «Адам баласы құрбан айт күнінде құрбан шалып, қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан, құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар» дейді. Шын мәнінде, Алланың ақ жолында қандай амал жасасақ та, көңілдің кіршіксіз тазалығы ең басты орында тұру керек. Көңіліңіз таза, Алла ризалығы үшін деп құрбандық шалсаңыз, онда құрбандыққа шалынған малыңыздың әрбір тал қылшығы үшін мол сауапқа кенелдім деп үміттеніңіз.

Қарап тұрсақ, не бары үш-ақ күнге жалғасатын жылына бір рет келетін Құрбан айтта осыншама хикметке кенелуге болады. Дұрысы, бұл сауаптарға кім кенеле алады? Алла Тағала Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал» деп әмір еткен екен. Осы ретте құрбандық шалудың үкімі мен оның кімдерге уәжіп етілгенін де айта кетейік. Ханафи мәзһабында шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп. Құрбан шалу үшін адамның мұсылман болуы, Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы, негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы шарт. Нисап мөлшері дегеніміз 85 грамм алтынның құнымен тең. Және жоғарыда айтқанымыздай, бұлардан ең маңыздысы – құрбан шалушының таза ниеті. Бұдан кейін, мұсылман адам құрбандығын тиісті уақытында шалу керек. Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады.

Ал, енді құрбандыққа қандай малдар жарайды дегенге келсек, қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалған абзал. Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды. Ал керісінше, құрбандыққа қандай малдар жарамайды дегенге келер болсақ, «Пайғамбарымыз (с.а.у.) құрбандыққа жарамайтын мал турасында: «Соқырлығы анық белгілі соқыр, ауруы белгілі аурушаң, (жүре алмайтындай дәрежеде) ақсақтығы белгілі болған ақсақ және жілігі көрінетіндей өте арық малдар құрбандыққа жарамайды», - деген. Құрбан шалуы уәжіп болған кісінің құрбандық малында аталмыш кемшіліктердің біреуі сатып алғаннан кейін пайда болса немесе алған малы өліп қалса, қайтадан құрбандыққа жарайтын мал сатып алып шалуы керек. Ал өзіне құрбан шалу уәжіп болмаса да, сауап үшін шалуды ниет еткен кедей адамның сатып алған құрбанында бір кемшілік пайда болса, сол малды шала береді. Тіпті, құрбан шалуы уәжіп болмаған кедей адам бойында кемшілігі бар малды сатып алып, құрбан ретінде шалуына болады. Өйткені, кедей адамның шалған құрбандығы – нәпіл құрбан. Нәпіл ғибадатта кешірім бар.

Ал құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісі қалай үлестіріледі дегенге келер болсақ, адам бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – мұстахап. Бір бөлігі – туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Бірақ шалынған малды түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей өзінің отбасына қалдыра алады. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде құрбанның еті турасында былай дейді: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер». Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шалған құрбанының етін қалай таратқандығы турасында Ибн Аббас былай деп риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) шалған құрбандығының үштен бірін – отбасына, үштен бірін – кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын».

Уәжіп болсын, нәпіл болсын құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, сирақ-басын және сүтін сату – мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі. Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter