52 жастағы шымкенттік тұрғын өзге жолаушының миллион теңгесін қолды етті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

52 жастағы шымкенттік тұрғын өзге жолаушының миллион теңгесін қолды етті

Фото: kor.ill.in.ua/

Көлік полициясы жолаушылар пойызында жолаушының миллион теңгесін ұрлаған 52 жастағы Шымкент тұрғынын ұстады. Бұл туралы көліктегі ІІД баспасөз қызметі мәлімет таратты. 

Шымкент стансасының желілік ішкі істер басқармасының кезекшілік бөліміне Алматы облысының  50 жастағы тұрғыны «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында құжаттары мен ақша салынған әмиянын ұрлап кеткен бейтаныс адамға қатысты шара қолдану жөнінде арыз түсірді. Зардап шегушінің айтуынша, әмиянында 1 015 000 мың теңге ақшасы болған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласының 1964 жылы туған азаматын ұстады. 

Күдікті кінәсін мойындап, ұрлаған ақша үйдің ауласында жасырулы екенін айтып берді.

Жоғарыда аталған факті ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру реестріне тіркеуге алынды. 

 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО әкімдік ғимаратындағы дәретханаға кірушілер күлкіге қарық болып жатыр (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегілер әжетханадағы тазалықты сақтаудың жаңа үлгісін ойлап тапты. Тазалықты сақтауды өтінген олар бұл тілектерін өлең жолдарымен жеткізуді ұйғарған. «Көрдіңіз бе? Е...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімі Атамқұловтың біраз қызметкерлерінен көңілі қалды

Сарыағаш ауданында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен облысы әкімдігінің тұңғыш рет көшпелі мәжілісі өтті. Оған облыс әкімдігі аппараты мен барлық аудан, қала әкімдер...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да шегірткеге жем болған диқандар егістерін тастап кетіп жатса да, атқамінерлер жайбарақат отыр

Биыл ел тұрғындары қарбыз жей алмай қалуы мүмкін. Оңтүстікте шырынды жидек егілген алқаптарды шегіртке басып алды. Зиянкестер бас-аяғы он күн ішінде Сарыағаш және Шардара аудандарындағы жүздеген гекта...

Korrespondent.kz Қоғам

Тестілеуден босатылған мектеп түлегі түскі астан кейін қайтыс болған

Қарағандыда мектеп түлегі түскі астан кейін қайтыс болған. Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған он жеті жастағы Руслан Аймұхамбетовтың өлімі жақындарына жұмбақ болып отыр. Өйткені, туыстары жеткінше...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter