Шымкенттіктер велосипед тебуге қарсы
Шымкенттік тұрғындар қоғамдық орындарда велосипед тебуге қарсы. Себебі велосипед тебуге арналған орынның жоқтығынан кешке қарай саябақты велоалаңға айналдырып алғандар көп. Олардың басым бөлігі велосипедті жалға алып, сағатқа тебеді. Осылайша қоғамдық орынға демалуға келген көпшіліктің тынышы қашады.