Шымкентте 14 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті (фото)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте 14 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті (фото)

Фото: ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Оңтүстікқазақстандық полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы жеткіншек Лилия Ахметованы іздеп жатыр.

 

Жасөспірім қыз 15 маусымға қараған түні құрбысының үйіне барып келемін деп үйінен шығып кеткен. Содан бері ол хабарсыз жоғалып кетті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

17 маусым күні жергілікті тұрғын полицейлерге қызының жоғалғанын айтып, көмек сұрап келген. Оған дейін өздері қыздарын іздеп көргісі келіпті. Бірақ, нәтиже болмаған.  Айта кетерлігі, оқушы қыздың жоғалып кетуі алғаш рет емес. Бұған дейін де ол бірнеше рет үйінен кетіп қалған екен. 

Туыстарының айтуынша, Лилия өзімен бірге ешқандай құжатын алып кетпеген. 

Лилия Ахметованың бойы 155 см, қасы мен көзі қара түсті. Шашы иықтан сәл төмен түседі.  Үйінен оның үстінде ақ-жасыл түсті жейде, көк түсті шорты, ақ түсті туфли киіп шыққан. Өзімен бірге кішкентай қара қол сөмкесі де болыпты. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Роза
0 Роза 23.06.2016 00:52
вконтактеге кеше кіріпты,ол расымен де жошалган ба?????
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Астанада жоғалып кеткен кәсіпкер әйелдің ағасы жаңа дерек айтып берді

Астанада түнгі клубтан шыққан кәсіпкер әйел азаматы әлі күнге дейін табылмай жатыр.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қызметкерлерінің денсаулығына алаңдаған Шымкент әкімі жаппай фитнеске баруға кеңес берді

Шымкент қаласының әкімі мемлекеттік қызметте аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, көпшілікті  әзіл–шыны аралас әңгімелерімен күлкіге қарық қылды. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Әнші Бүркіт құжаты жоқ ескі иномарка көлігін іздеп жатыр

«Бәрі жақсы болады» деп ән салып, талай хит туындылардың орындаушысы атанған Бүркіт көпшілікті таң қалдырды. Ол анау-мынау емес, жиырма алты жыл бұрынғы ескі көліктерге қызыға бастапты. Тіпті құжатсыз...

Korrespondent.kz Мәдениет

Мырзахметов вице-премьерлікке Шардарадағы «косягын» жабу үшін келіскен бе?

Асқар Мырзахметовтың Ауыл шаруашылығы министрлігіне баруы және вице-премьерлікке көнуінің астарын іздеушілер неше түрлі нұсқаларды алға тарта бастады. Таяуда ұзынқұлақтан мына бір нұсқаны естіп, таң қ...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter