ОҚО-да полицейлер күні аталып өтті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да полицейлер күні аталып өтті

ОҚО-да  Қазақстан полициясының құрылғанына 24 жыл толу мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Осы мақсатпен  Шымкенттегі «Динамо» стадионында спартакиаданың ашылу салтанаты өтіп, құқық қорғаушылар қызмет бабында қайтыс болған 22 қызметкерді 1 минут үнсіздікпен еске алды. 

Салтанатты кездесуге қатысқан облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов бірқатар азаматтарды марапаттап, мерекемен құттықтады. 
«Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздер қиын сәттерде қарапайым халықтың арқа сүйер сүйеніші әрі әділеттіліктің жаршысы бола білдіңіздер. Алдағы уақытта да Оңтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері облыс тұрғындарының құқықтарын қорғап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға барлық күш-жiгерін жұмсайды деген сенiмдемiн», деді Атамқұлов. Ал ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Балтабек Аблаев Қазақстан полициясының құрылғанына 24 жыл толғаны және қалыптасу кезеңдері жайлы баяндама оқыды. Олөз сөзінде адам мен адамзаттың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауда полиция қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстанып спортпен айналысуы маңызды екенін атап өтті. Одан соң жас динамошылар бір мезетте бейбітшіліктің символы ақкөгершінді аспанға ұшырды.
Жалпы бұл күні сала үздігі деп танылған 35 ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатқа ие болды. 
Шара барысы спорттық ойындармен жалғасын тапты. Спартакиадаға ішкі істер органдары құрылымдарынан 22 команда, яғни 700-ге жуық қызметкер қатысты. 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Троечниктер» 100 баллды қалай жинап жүр?

Оқушы болу оп-оңай. Дайын үй, дайын ас, дайын киім. Ал оқу бітірген күннен бастап қызығы мен шыжығы қатар жүретін студенттік өмір басталады. Бір қарағанда ойын-күлкіден көз ашпайтындай көрінетін келеш...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

«Рэкеттер» қорқытып кетіпті дейді...

Оңтүстік облыстарға қарасты теміржол жағасындағы бір ауданның уәдесін орындамайтын, сусылдақ, жылтырбет, тайғақ мінез әкіміне «рэкеттер» келіп, тоқсаныншы жылдардағыдай қорқытып, «счетчик» ілмекші бол...

Korrespondent.kz Қоғам

Дәрігерге жарымаған науқас «доғдыр» болады

Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының сарапшылары Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейін түрлі көрсеткіш бойынша жақын көршілерімізбен салыстырып көріпті. Соның бірнешеуі бойынша Қазақс...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Қоғам

Өзбек спортшысы жынысынан жиреніп жүр

Өзбекстанның 21 жастағы спортшы қызы өзін ер адамдай сезінетіндіктен жыныстық мүшесін өзгертуге шешім қабылдаған. Бойжеткен 2009 жылы Өзбекстанда жеңіл атлетикадан қыздар арасында чемпион атаныпты. Ке...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter