Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызы әйелдер
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызы әйелдер

Оңтүстік Қазақстан облысында 15 ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралған 8730 азамат мемлекеттік қызметші ретінде жұмыс істейді. Олардың 30 пайызын әйел азаматтары құрайды. Бұл туралы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен шарада айтылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

«Түркістан» сарайында өткен мерекелік бағдарламаға қатысқан аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов қатысып, әріптестерін мерекемен құттықтады. 
«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыздың салиқалы саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілердің қосқан үлесі зор. Қазір біз, кадрлық саясат бағытында тың өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Кадр таңдауда басты үш қағидатқа сүйенетін боламыз. Олар - отансүйгіштік, кәсібилік және адамгершілік. Осы үш қағидат бойынан табылатын үміткерлер «мемлекеттік қызметші» деген мәртебеге ие болып, қызметте жоғарылай алатын болады», - деді Атамқұлов. 
Мерекелік шара барысында бірқатар үздік мемлекеттік қызметшілер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыстық мәслихат хатшысының, Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының Алғыс хатымен және Грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, ОҚО Кәсіподақ комитетінің «Еңбек озаты» төсбелгісімен наградталды. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Астанада жоғалып кеткен кәсіпкер әйелдің ағасы жаңа дерек айтып берді

Астанада түнгі клубтан шыққан кәсіпкер әйел азаматы әлі күнге дейін табылмай жатыр.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қызметкерлерінің денсаулығына алаңдаған Шымкент әкімі жаппай фитнеске баруға кеңес берді

Шымкент қаласының әкімі мемлекеттік қызметте аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, көпшілікті  әзіл–шыны аралас әңгімелерімен күлкіге қарық қылды. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Әнші Бүркіт құжаты жоқ ескі иномарка көлігін іздеп жатыр

«Бәрі жақсы болады» деп ән салып, талай хит туындылардың орындаушысы атанған Бүркіт көпшілікті таң қалдырды. Ол анау-мынау емес, жиырма алты жыл бұрынғы ескі көліктерге қызыға бастапты. Тіпті құжатсыз...

Korrespondent.kz Мәдениет

Баба түкті Шашты Әзіз

Күш атасы Қажымұқан додаға түсерінде: «Уа аруақ, Баба түкті Шашты Әзіз»,-деп айбарланатын әулие осы. Бүгінге ғасырларды аттап өтіп аты жеткен, бейітіне сан мың адам ағылатын кесене  Созақ ауданына қар...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter