Әнші Бүркіт құжаты жоқ ескі иномарка көлігін іздеп жатыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Әнші Бүркіт құжаты жоқ ескі иномарка көлігін іздеп жатыр

Фото: ztb.kz

«Бәрі жақсы болады» деп ән салып, талай хит туындылардың орындаушысы атанған Бүркіт көпшілікті таң қалдырды. Ол анау-мынау емес, жиырма алты жыл бұрынғы ескі көліктерге қызыға бастапты. Тіпті құжатсыз автомобильді сатып алуға дайын. Бұл туралы хабарландыруды өнер жұлдызы өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында  жария етті.

 

«90-95 жылы шығарылған құжатсыз көліктерді сатып аламын. Шамамен 200,000 - 350,000 теңге көлеміндегі иномарка көлігі! Тек жүретін болуы керек. Нөмірлеріңізді осында қалдырыңыздар. Біз хабарласамыз...» деп жазды әнші. Бұл хабарландыру өнер иесінің виртуалды достарын таң қалдырған секілді. Бірі «құжатсыз көліктің сізге не қажеті бар?» деп жазса, келесісі өзінің ескі көлігіне әншінің жаңа автомобилін ауыстыруға дайын екенін жеткізген. Тіпті тағы бірі «басқа бизнес қалмады ма?» деп әншіні сөккен.

Айта кетейік, Бүркіт лақап атымен танылған әншінің азан шақырып қойған есімі – Айбек. Ол 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Бүгінде жары Аиша екеуі екі перзентті тәрбиелеп отыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Махамбет
0 Махамбет 25.06.2016 13:11
Айбек брат менде ниссан примера 95 жылгы журип тур документери бар. Маган акша керек емес сиздин Лексусинизга ауыстыруга даиынмын калай болама? Ораза айында арманымды орындап жиберсениз нур устине нур болар еди.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Қазіргі министр бұрынғы министрге "секс-услуга" көрсетіпті-міс

Бұл оқиға 2013 жылдың басында болған көрінеді. Сірә, ол уақытта өзінің үстінен қарайтын дәу министрдің орнын басу қазіргі министрдің түсіне де кірмесе керек... Мың жасағыр, аты дардай министр Астанада...

Korrespondent.kz Қоғам

Соңғы бір ғасырда болмаған суық болуы мүмкін

Күн райының күрт суытып, қазан айының қақ ортасында екі мәрте қар жаудырған табиғат-ана әжептеуір ойландырып тастады. Іле-шала «биыл қыс ерте түседі екен, суық болады» деген сөздер бірін-бірі жалғап, ...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Оқиғалар

Оңтүстіктегі ең танымал байлар

Статистика комитетінің есебі бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы орташа айлық жалақы көлемі жөнінен қалтасы саяз өңірлердің қатарынан (3-орында – 103200 теңге) саналғанымен, бай-бағландарының саны жағы...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Қоғам

«130 миллиардты не істедің, Данияр?»

Жуырда Айқын Қоңыров бастаған коммунист депутаттар Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевке сауал жолдап, Үкіметтің 2015 жылдың сәуір айында халықтың ипотекалық қарыздарын қайта есептеу үшін арнайы бағдар...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter