ОҚО-да 21 жастағы тұрғын бірнеше автокөлік ұрлап, күн көріп келген
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да 21 жастағы тұрғын бірнеше автокөлік ұрлап, күн көріп келген

Фото:www.glavny.tv

ОҚО полицейлері  полицейлер көлік ұрлығына күдікті ретінде Төлеби ауданының 21 жастағы тұрғынын құрықтады. Күдікті жергілікті тұрғындардың көліктерін ұрлау арқылы пайда тапқан. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Тергеу барысында 21 жастағы күдікті азаматтың бірнеше автокөлік ұрлығы жайтына қатыстылығы анықталды. Жас азамат аулада, үй маңында көліктерінің есіктерін ашық қалдырып кеткен автокөлік иелерінің жауапсыздығын пайдаланып ұрлап отырған.
Сонымен, ағымдағы жылдың 27 ақпан күні, сағат 22.00 шамасында Төлеби ауданы, Сұлтан-Рабат елдімекенінде мас халде болған күдікті 27 жастағы жергілікті тұрғын өзінің үйінің алдына есігін ашық, қозғалтқышы қосулы күйде қойған, бағасы 700 мың теңге тұратын «Опель-Астра» маркалы автокөлігін ұрлап кеткен. Одан соң, жас жігіт біраз жүріп барып ұрланған көлікті жолда тастап, оқиға орнынан бойын тасалаған.
Тәртіп сақшылары күдіктінің Төлеби ауданында орын алған 5 автокөлік ұрлығына қатыстылығын анықтады. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 4 миллион теңгені құрайды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 200-бабымен «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Айғақты зат ретінде тәркіленген автокөлік өз иесіне тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Троечниктер» 100 баллды қалай жинап жүр?

Оқушы болу оп-оңай. Дайын үй, дайын ас, дайын киім. Ал оқу бітірген күннен бастап қызығы мен шыжығы қатар жүретін студенттік өмір басталады. Бір қарағанда ойын-күлкіден көз ашпайтындай көрінетін келеш...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

«Рэкеттер» қорқытып кетіпті дейді...

Оңтүстік облыстарға қарасты теміржол жағасындағы бір ауданның уәдесін орындамайтын, сусылдақ, жылтырбет, тайғақ мінез әкіміне «рэкеттер» келіп, тоқсаныншы жылдардағыдай қорқытып, «счетчик» ілмекші бол...

Korrespondent.kz Қоғам

Дәрігерге жарымаған науқас «доғдыр» болады

Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының сарапшылары Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейін түрлі көрсеткіш бойынша жақын көршілерімізбен салыстырып көріпті. Соның бірнешеуі бойынша Қазақс...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Қоғам

Өзбек спортшысы жынысынан жиреніп жүр

Өзбекстанның 21 жастағы спортшы қызы өзін ер адамдай сезінетіндіктен жыныстық мүшесін өзгертуге шешім қабылдаған. Бойжеткен 2009 жылы Өзбекстанда жеңіл атлетикадан қыздар арасында чемпион атаныпты. Ке...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter