Шымкентте банк карточкаларын пайдаланып, алаяқтық жасаған азаматқа іздеу жарияланды (фото)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте банк карточкаларын пайдаланып, алаяқтық жасаған азаматқа іздеу жарияланды (фото)

Фото: ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Оңтүстікқазақстандық тұрғын банк карточкаларынан ақша алуға жәрдем беремін деген сылтаумен белгісіз ер азамат шоттарынан сеніп тапсырылған ақшаларын алып отырған. Шымкент қалалық полицей бөліміне облыстың он шақты тұрғынынан шағым келіп түсті. Құқық қорғау қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар азаматты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтқанда, 2016 жылдың 17 маусым күні құқық қорғау органына 37 жастағы Төлеби ауданының тұрғыны қаладағы банктың жанында оның жанына белгісіз азамат келіп, банкоматтан ақша шешуге көмектесуді ұсынғанын, сөйтіп жалған жолмен шотынан 160 мың теңгеден асатын ақшасын алғанын айтып, шағымданған. Бұл шағымға қатысты полицейлер ҚР ҚК 190-бабымен «Алаяқтық» қылмыстық іс қозғады.

Жедел іздестіру шарасы негізінде Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері куәлерден жауап алып, банкоматта орнатылған бейнекамера арқылы күдіктінің жобасын анықтады. Тәртіп сақшылары күдікті азаматтың облыс орталығында орын алған 30 шақты алаяқтық әрекеттерге қатысы бар болуы мүмкін деп есептейді.
Оңтүстікқазақстандық полицейлер күдікті жайында қандай да бір ақпарат білетін азаматтар болса, ОҚО ІІД криминалды полициясына «102» нөмері арқылы хабар беруін сұрайды.

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Мақпал Жүнісова: "Мен жылына екі-ақ рет сыра ішемін, как все нормальные люди"

"Мақпал Жүнісова өсекті өзі тарататын сияқты көрінеді бізге кейде. Жақында əншінің 35 жылдық мерейтойлық концертіне бардық. Кеш өте тамаша өтті. Сонда апайымыз: «Мен ғана сөйтетіндей, ютубке салып қой...

Korrespondent.kz Қоғам

Анасымен қарым-қатынасы суып кеткен Дана Нұржігіт "Асыл арнаға" өкпелі

Танымал тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіттің  «Асыл арнаға» өкпесі бар тәрізді. Діни насихаттың бірбеткейлігінен туған анасымен арасы алшақтап бара жатқандығы туралы алаңдаушылығын тілші әлеуметт...

Korrespondent.kz Қоғам

Веложарысқа екі түрлі шұлық киіп келген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото)

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің спорттықшараға  екі түрлі шұлық киіп келіп, жұртшылықты күлкіге қарыққылды, деп жазады SKIFNEWS.KZ. ...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter