ОҚО әкімі зиялы қауым мүшелік ететін форумға алғаш рет қатысты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО әкімі зиялы қауым мүшелік ететін форумға алғаш рет қатысты

Оңтүстік Қазақстан облысында жылдағы дәстүр бойынша  «Ырыс алды - ынтымақ» форумы өтті. Аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов бастап барған форумға қатысушылар бұл жолы Төле би ауданында бас қосты. Жиынды форумның атқарушы хатшысы Мархабат Байғұт жүргізіп отырды. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы  әкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы  мүшелігінде 500-ден астам зиялы қауым өкілдері бар.

Алғашқы сөз облыс әкімі Б.Атамқұловқа берілді. Өз сөзін көпшілікті қасиетті Рамазан айымен құттықтаудан бастаған Атамқұлов ысырапшыл тойларға тоқталып өтті. Сонымен қатар көпшілік өз қуанышында ұлттық менталитетке сай келмейтін әрекеттерге бой алдырып жатқанымызға қынжылды.  

«Біз жастардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, үлкенді сыйлауға, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек. Жастарымызды кітап оқуға, заманауи білім алуға баулып, қазіргі заманғы озық технологияларды меңгеруге шақыруға тиіспіз. Жаны сау қоғамның – кемшілігі мен қылмысы аз, артықшылығы мен жақсылығы көп болады. Сол себептен, біз өзіміздің салт-дәстүрімізге, ұстанған әдет-ғұрыптарымызға дұрыс көзқараста болуымыз керек», - деді облыс әкімі. Одан өзге Бейбіт Атамқұлов технология жедел дамыған мына заманда ағылшын тілін білудің маңыздығылын айта кетіп, жастарды білікті де, тәрбиелі  маман болуға шақырды.

«Бүгінгі мына форумдағы айтылатын сөздер, салмақты пікірлер осы жерде қалмай, елдің игілігіне жарасын деп тілеймін.

Және де осындағы айтылған ойлар біздің қоғамды жаңа белеске, жаңа рухани деңгейге шығарады деген сенімдемін», - деді аймақ басшысы.

Аталған форумда облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов той өткізу мәдениетін жетілдіру қажеттігін айтып, асабалардың шеберлігін арттыру жəне той өткізу жөніндегі көркемдік кеңес құру бойынша ұсынысын білдірді. Ал облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан біраз тарихқа үңіліп, тек қана жастар емес, барша халықтың санасына ұлттық дәстүрді насихаттау әрекеттерін түсіндіріп берді.

Форумда облыс прокуроры Ибраһим Иманов, ОҚО Ішкі істер департаментінің басшысы Асқар Оспанов және де белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі сөз сөйлеп, келелі ойларын көпшілікке ұсынды.

Жиын соңында форумға қатысушылар көтерілген мәселелерге қатысты пікірлерді негізге ала отырып, қарар қабылдады.

Мұнан соң жиналған жамағат облыс әкімі атынан берілген ауызашарға қатысты.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Алишер
0 Алишер 26.06.2016 05:45
Өте дұрыс!!! Толық қолдаймын!!!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Түрік пен Үндінің сериалдары неврозға шалдықтырады» деп жүргенде, қазақтың сериалдары жындыханаға түсіріп жүрмесін...

Келесі жылдан бастап шетелдік сериалдар қазақстандық телеарналарда көрсетілмеуі мүмкін. Алайда, көгілдір экраннан түріктің, кәрістің, үндінің сериалдарын алып тастаған күнде талғажау етер тың туындыла...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Бизнестің тамырына балта шапқан – тендер

Отандық бизнестің дамуына кедергі жасайтын факторлар жетіп артылады. Соның ішінде мына бір кедергі жайлы көп айтыла бермейді. Ол – тендер. Әрине, бизнесті дамыту үшін ойлап табылған мемлекеттік тапсыр...

Жан КЕНЖЕ Экономика

Әкім қандай болуы керек: «хозяйственник» әлде саясаткер?

«Қазақстан билігіндегі кадрлық саясат ашық-жарқын жүргізіледі және ол елдің бәріне бірдей түсінікті сипатқа ие» десеңіз, қателесесіз. Мысалы, қалың бұқара облыс тұрмақ аудан әкімдерінің нендей критери...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter