Бір топ өнер жұлдыздары "Жігіттердің" продюсері Әбдірайымовтың мейрамханасына айттап барды (фото)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бір топ өнер жұлдыздары "Жігіттердің" продюсері Әбдірайымовтың мейрамханасына айттап барды (фото)

Фото: Г.Айдарбекова инстапарақшасынан алынды

Қазақстанның бір топ өнер жұлдыздары "Жігіттер" квартетінің продюсері Ерғали Әбдіраймовтың жаңа мейрамханасына айттап барды. Олардың қатарында Алтынай Жорабаева, Индира Расылхан, Қайрат Нұртастың продсюері Гүлзира Айдарбекова мен Ұлықпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова және тағы басқалары бар.

 

Желіде өнер иелері парақшаларына жарыса фото жүктеп, көпшілікке продюсердің жаңа кәсібін жарнамалай түсті. Солардың бірі - танымал әнші Алтынай Жорабаева. 

Төрт қызды тәрбиелеп отырған өнер иесі Жорабаева: "Бүгін "Жігіттер" продюсерлік орталығының басшысы Ерғали Әбдірайымов ағамыздың Астананың төрінен ашқан "Бақсарай" мейрамханасынан дәм бұйырыпты. Айттап келіп қалдық. Алла разы болсын, Ереке! Берекесін берсін!" деп жазды. Алайда  бұл жазба әншінің виртуалды достарына жақпай қалған болу керек, "осы төртеуінің жүрмейтін жері жоқ", "әлі тойған жоқ па мына кісілер, қашан көрсең дастарханнан (столдан) тұрмайды" деп сынның астына алды. Ал бірі өнер иелерінің қыдырудан шаршамайтынын сеніммен жазған.

Мейрамхана иесі Ерғали Әбдірайымов бұл жазбаға ерекше ілтипатпен пікір қалдырды. Тіпті қадірлі қонақтарын көптен бері күтіп жүргенін де жасырып қалмады. 

"Өнердегі достардың бәрі келді сіздерден басқалары. Қашан келеді деп жүр едім. Астарыңыз дәмді болсын. Айт құт-береке алып келсін" деп жазып, енді аталған мейрамханаға Елбасының келуін қалайтынын да жайып салды. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Әнші Жазира Төреғалидің әкесіне шәй құйып беремін деп сынның астында қалды (фото)

Танымал әнші Жазира Байырбекова жас өнерпаз Төреғали Төреәлінің әкесі әрі продюсеріне шәй құйып бергені үшін тыңдармандарына жақпай қалды. 

Korrespondent.kz Мәдениет

Алматыда туристерді алдап соққан келіншек емізулі баласымен түрмеге тоғытылды

Алматыда туристерді шетелдегі демалыссыз қалдырған келіншек 3 жылға сотталды. Сан соғып қалған азаматтардың ішінде Алматы, Шымкент, Атырау мен Ақтау қаласының тұрғындары және турагенттер де бар. Өзін ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Бір топ өнер жұлдыздары "Жігіттердің" продюсері Әбдірайымовтың мейрамханасына айттап барды (фото)

Қазақстанның бір топ өнер жұлдыздары "Жігіттер" квартетінің продюсері Ерғали Әбдіраймовтың жаңа мейрамханасына айттап барды. Олардың қатарында Алтынай Жорабаева, Индира Расылхан, Қайрат Нұртастың прод...

Korrespondent.kz Мәдениет

Шымкентте тұңғыш рет велостанция ашылды

Шымкентте жаңа жоба қолға алынды. Енді тұрғындар мен қала қонақтарының велосипедтерді жалға алып, қаланы аралауына мүмкіндік туып отыр. Оның ашылу салтанаты әл-Фараби атындағы орталық алаңда өтті. Оға...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter