Оңтүстік Қазақстанда 25 жылда 268 ауылға газ берілді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu

 Кіру / Тіркелу

Оңтүстік Қазақстанда 25 жылда 268 ауылға газ берілді

 

Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздік жылдары 268 елді мекен газдандырылған.  ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым осылай деді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

 

Оның айтуынша, елімізде 1960 жылдары газдандыру жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысынан басталған. 1991 жылы облыстағы 847 елді мекеннің 90 елді мекені табиғи газбен қамтылған болса, 2009-2016 жылдар аралығында республикалық, облыстық бюджеттер есебінен елді мекендерді газдандыру саласына 65 млрд. теңге қаражат жұмсалып 203 елді мекен газдандырылған.
Ал, Еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде бұл көрсеткіш бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына 847 елді мекеннің 268-і яғни, 1 608 989 халық табиғи газбен қамтылған.

Сонымен қатар, баяндамашы осы жылы республикалық, облыстық бюджеттен 33 нысанға қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандығын. Ал жылдың қорытындысымен 25 елді мекен газдандырылып, нәтижесінде 293 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізетінін айтты.
«Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ отандық магистралды құбырдан табиғи газ алатын облыстың солтүстік-батыс бөлігіндегі 8 аудандағы 248 елді мекенді (684 304 халық) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 7 автоматты газ тарату станциялары (әрі қарай АГТС) мен жеткізуші газ құбырларының құрылысы жоспарланған, бүгінгі таңға 4 АГТС іске қосылды»,- деді Марғұлан Марайым.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Мөлдір Әуелбекова күйеуін "таз" деп атаған желі қолданушысына ұрсып тастады

Желі қолданушысы әнші Мөлдір Әуелбекованың ашуын туғызды. Ол өнер иесінің күйеуін "таз бас"деп атап, әншіге неге ондай жігітке тұрмысқа шықты деп сұрақ қойған. 

Korrespondent.kz Мәдениет

Қартайған шағында патша тектес өмір сүруді қалаған Төлешов президент болғысы келген

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісіне қатысты тергеу аяқталды. Енді іс сотқа жіберілді. Тергеу барысында белгілі болғандай, кәсіпкер  ел басқарғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл турал...

Korrespondent.kz Оқиғалар

БАҚ: Ақтөбеде уаһһабтар жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр

Радикал ағымдардың ұстанушылары бірнеше жылдан бері Ақтөбе облысында далалықта жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр. Бұл туралы Aktobetimes басылымына жергілікті аңшылар мен орманшылар хабарлап отыр, деп...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Танымал журналист телеарналарға жаңа басшы керектігін айтты

Танымал журналист Арман Сқабылұлы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қазақ телеарналарының басшыларын ауыстырады деген үмітте. Яғни, ол  қазақ телевизиясын  әнші-жыршылардан тазартатын жә...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter