Қазақстандық терроризм: ақиқат пен аңыз
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қазақстандық терроризм: ақиқат пен аңыз

Қазақстандық терроризм: ақиқат пен аңыз
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Кісіге қастандық жасауға тыйым салатын қасиетті Құран түскен Рамазан айы Қазақстанда террормен басталып, террористерді тұтқындаумен аяқталды. Оразаның алғашқы күні Ақтөбеде ылаң салғандардың тоғызы сот шешімімен 2 айға қамалды.  

Ести-ести ет үйренді ме, Ақтөбедегі соңғы оқиға төңірегінде түрлі әңгіме өріп жүр ел ішінде. Оған себеп те жоқ емес. О баста Қазақ елінің қауіпсіздігін қадағалауы тиіс қос құзырлы қызмет: ҰҚК мен ІІМ арасында лаңкестік туралы бір-біріне қарама-қайшы ақпарат тарады. Қала берді, содырлардың суреті жарияланған хабарламада өзінің аты-жөнін кездестірген бірнеше тұлға террористерге үш емес, төрт қайнаса да, сорпасы қосылмайтын қарапайым ауыл қазағы болып шықты.

Мұғалжар ауданындағы Жаңажол жұрағаты ауылдастары, ағайынды Самат пен Санат  Қожаниязовтардың суретін интернеттен көргенде, «заманауи» тілшінің тілімен айтқанда, жағасын ұстапты. Үлкені – мектепте слесарь, бауыры Жаңажолдағы зауыттың жұмысшысы сол содырлар сойқан салып жатқанда, Ақтөбеден бәленбай шақырым қашықтықтағы ауылындағы үйінде қаннен-қаперсіз жатқан болып шықты. 5 маусым күні әкесінің садақасын беріп, қонағын шығарып сап, дамылдап жатқан Саматтың үйіне түн ортасында полиция келіп, тексерген. Ұйқыда жатқан жерінен оятып алып, құжатын талап етіпті. Куәліктегі суретке бір, бетіне бір қарапты да, тәртіп сақшысы кетіп қалыпты. Ал, суреті содырлардың қатарында жарияланғанын ертеңіне бір-ақ білген. Үш ұлдың әкесіне бұл жағдай ауыр тиіпті. «Бар сұрарым, мені тізімнен алып тастасын. Балаларым өсіп келеді, оларға қалай тәрбие беріп, ақыл айтамын. Бұл жағдайға байланысты ешкімді сотқа бермеймін, тек ақтап шығарса екен», - депті С.Қожаниязов бір басылымға берген сұхбатында. Ал, інісі Санаттың есімі суретімен қоса антитеррорлық шара барысында өлтірілген күдіктілердің тізіміне қосылып кеткен.

Интернетте жүрген сол тізімде 11-сыныптың оқушысы да жүр. Мартұқ ауданы, Байнасай орта мектебінің түлегіне ол тізім кәдімгідей кесірін тигізе жаздаған. Өйткені, тізім Сағынғали Сейтқали оқуға баруды көздеп жүрген колледжде де пайда болыпты. Оны кімнің қайдан алып ілгені белгісіз. Соны көрген кей достары Сағынғалидан сырт айнала бастаған. Бір жағынан бұл қылжақбастардың қалжыңы да болуы мүмкін. Қазіргі әлеуметтік желідегі түрлі тестілеу мен достарды әжуалайтын бағдарламалардың таралып жатқанын ескерсек, әбден мүмкін. Тек ойнаймын деп от баспаса болғаны.

Дегенмен, «Азаттық» радиосы Ақтөбе облыстық ІІД басшылығының тізімге еніп кеткен тұрғындардан кешірім сұрағанын хабарлады. Басылым бұл мәліметті «Kaztrk.kz»-ке сілтеме жасап жариялаған. Алайда, құзырлы орган мұны растаған жоқ. Қала берді, ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментінде антитеррорлық операция кезінде күдіктілерге іздеу жарияланған тізімді әлемуеттік желілерде жариялауға берілмегенін айтты. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы мәселе бойынша арнайы тексеру жүргізіп жатыр. Лаңкестікке қатысы жоқ адамдардың есімдері жарияланған жалған тізімді кімнің таратқаны анықталатын болады.    

Жалған тізім жөніндегі осынау жанталас жүріп жатқанда террористердің тағы бір тобы туралы суық хабар жетті. Бұл жолы лаңкестер Қарағандыда ұсталған. 26 маусымда Балқаш маңында, Гүлшат ауылындағы үйде күдіктілердің біреуі тұтқындау барысында өзін-өзі жарып жібергені хабарланды. Жарылыс салдарынан одан басқа ешкім зардап шекпеген. Ресми таратылған мәлімдемеде дәстүрлі емес діни ағымды ұстанған Балқаш қаласының тұрғынының облыс аумағында террористік топ құрғаны айтылады. Оған Балқаш қаласы мен Гүлшат ауылының 26 мен 37 жас аралығындағы тұрғындары кірген. Ешқайсысы бұрын сотты болмаған. Бұл лаңкестік топтың мақсаты қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдаланып, елде ылаң салу болыпты. Оқиға орынан жарылғыш заттың бөлшектері, қару-жарақ пен өзге де айғақ заттар табылған. 29 маусым күні Балқаш соты 5 күдіктіні тергеу уақытында екі айға абақтыда ұстау туралы шешім шығарды.   

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter