ОҚО-дағы мешіт еліміздегі ең көрікті мешіт атанды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-дағы мешіт еліміздегі ең көрікті мешіт атанды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы «Нұғман» мешіті еліміздің ең көрікті мешіті атанды. Яғни, екінші Алла үйі атанып кеткен бұл орын республикалық байқауда оқ бойы озып шықты.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі әрбір мешітке, мешіт жұмысына, ондағы қызметкерлерге ерекше көңіл бөліп отырғандығы мәлім. Осыған орай ҚМДБ биылғы жылы «Көрікті мешіт 2016» атты тазалық бәйгесін ұйымдастырды.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - аудан орталықтары мен ауылдардағы мешіттердің деңгейін көтеріп, көрікіндегі сән-салтанатымен қоса, ауласының таза, ретті, көгалды болуы сынды көрсеткіштері бойынша бағалап, әр облыстағы мешіт имамдарының бір-бірінен үлгі-тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру.

Бәйге екі деңгейде өтті. Атап айтқанда, бірінші деңгей - қала, аудан мешіттері деңгейінде өтсе, екінші деңгей ауыл мешіттері арасында ұйымдастырылды. Шара аясында еліміздегі әр өңір 2 деңгейдегі мешіттер арасынан, 1, 2, 3-ші орын алған мешіттерді анықтаған болатын, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

ҚМДБ өз кезегінде арнайы құрылған комиссияның шешімімен өңірлерден келген мешіттердің ішінен республикалық жүлделі орындарды анықтады. Нәтижесінде, аудандық, қалалық деңгей бойынша бірінші орынды Мақтарал ауданы, Жетісай қаласындағы орталық «Нұғман» мешіті алса, ауылдық деңгей бойынша Қазығұрт ауданындағы Үшбұлақ ауылдық мешіті үшінші орынға лайықты деп табылды.

«Көрікті мешіт 2016» байқауының жеңімпаз имамдарына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан үлкен қажылық тарту етіледі.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Мөлдір Әуелбекова күйеуін "таз" деп атаған желі қолданушысына ұрсып тастады

Желі қолданушысы әнші Мөлдір Әуелбекованың ашуын туғызды. Ол өнер иесінің күйеуін "таз бас"деп атап, әншіге неге ондай жігітке тұрмысқа шықты деп сұрақ қойған. 

Korrespondent.kz Мәдениет

Қартайған шағында патша тектес өмір сүруді қалаған Төлешов президент болғысы келген

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісіне қатысты тергеу аяқталды. Енді іс сотқа жіберілді. Тергеу барысында белгілі болғандай, кәсіпкер  ел басқарғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл турал...

Korrespondent.kz Оқиғалар

БАҚ: Ақтөбеде уаһһабтар жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр

Радикал ағымдардың ұстанушылары бірнеше жылдан бері Ақтөбе облысында далалықта жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр. Бұл туралы Aktobetimes басылымына жергілікті аңшылар мен орманшылар хабарлап отыр, деп...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкент полициясы 5 жасар қыздың зорланғанын жоққа шығарғанымен, қайталама сараптама оны растады

Ағымдағы жылдың 11 шілдесі күні кешкі уақытта Шымкенттегі полиция бекетіне  1969 жылы туылған жергілікті тұрғын шағымданып келген. Өз шағымында ол Ордабасы алаңының аумағында 30-35 жас шамасындағы бел...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter