Алматының миллионыншы тұрғыны Астананың миллионыншы тұрғынын құттықтап, тілек айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu

 Кіру / Тіркелу

Алматының миллионыншы тұрғыны Астананың миллионыншы тұрғынын құттықтап, тілек айтты

Фото: bnews.kz

Алматы қаласының миллионыншы тұрғыны Бауыржан Қадырсызов Астананың миллионыншы тұрғыны Саида Мұхамедиярға ұзақ та қызықты өмір тіледі, деп хабарлайды BNews.kz.

 

«Саида ең бақытты, сұлу әрі ақылды қыз болғанын тілеймін. Ол барлығына үлгі болсын, өйткені ол – елорданың бейнесі. Ал қыз бала қашанда мейінбандықтың, қамқорлықтың үлгісі саналады.

Бауыржан Дәулетұлы Қадырсызов 1981 жылы 19 желтоқсанда төртінші перзентханада құрылыс саласында еңбек ететін Дәулет және Гүлнәзия Қадырсызовтардың отбасына дүниеге келді. Осынау қуанышты сәтке байланысты қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлы отбасына ізгі тілегін білдірген болатын:

«Бауыржан деп атын қойған сәбиге батамды беремін. Дені сау, нағыз жігіт болып өссін. Ұлы Отанымыздың мықты азаматы болуына шын жүрегіммен тілектеспін», – деген еді.

Өмірге келген ұл балаға сол кезде «Алматы қаласының миллионыншы тұрғыны» деген алқа тағылып, қаланың символикалық кілті табыс етілді.

Бауыржан өзінің миллионыншы тұрғын болғанынан аздап қысылатынын айтады, сондықтан жұртқа жария ете бермейді.

«Мен қарапайым жігітпін, ешқандай сый-құрметті талап етпеймін. Мені сүйікті қаламның миллионыншы тұрғыны ретінде емес, осы қалпыммен қабылдағандарын қалаймын. Ал қаланың кілтіне келер болсақ, ол Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар музейінде сақтаулы», – деді ол.

Айта кетейік, биыл 4 шілдеде сағат 01:00-де Астанадағы  №1 перинатальдық орталығында өмірге қыз бала келді. Елорданың миллионыншы тұрғыны атанған сәби – №9 «Нұршашу» ясли-бақшаның тәрбиешісі Арайлым Мұхамедияр мен электр монтері Олжас Мұхамедиярдың тұңғыштары. Миллионыншы тұрғынға Саид есімі беріліп, Астана әкімі Әсет Исекешев бұл отбасыға екі бөлмелі пәтер кілтін табыс етті. 

 

 

 

 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкентте тұңғыш рет велостанция ашылды

Шымкентте жаңа жоба қолға алынды. Енді тұрғындар мен қала қонақтарының велосипедтерді жалға алып, қаланы аралауына мүмкіндік туып отыр. Оның ашылу салтанаты әл-Фараби атындағы орталық алаңда өтті. Оға...

Korrespondent.kz Оқиғалар

БАҚ: Ақтөбеде уаһһабтар жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр

Радикал ағымдардың ұстанушылары бірнеше жылдан бері Ақтөбе облысында далалықта жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр. Бұл туралы Aktobetimes басылымына жергілікті аңшылар мен орманшылар хабарлап отыр, деп...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қартайған шағында патша тектес өмір сүруді қалаған Төлешов президент болғысы келген

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісіне қатысты тергеу аяқталды. Енді іс сотқа жіберілді. Тергеу барысында белгілі болғандай, кәсіпкер  ел басқарғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл турал...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-дағы мешіт еліміздегі ең көрікті мешіт атанды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы «Нұғман» мешіті еліміздің ең көрікті мешіті атанды. Яғни, екінші Алла үйі атанып кеткен бұл орын республикалық байқауда оқ бойы озып шықты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter