Бәйдібек ауданында астық ору науқаны басталды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бәйдібек ауданында астық ору науқаны басталды

news.ivest.kz

Бәйдібек ауданында егінге орақ түсті. Жалпы, ауданда биыл масақты дақылдардың егіс көлемі 31 мың 824 гектар жерге егілген. Бүгінгі таңда 3540 га бидай орылып, қамбаға 6600 тонна өнім жиналды. Ал арпаның 960 гектары орылып, 960 тонна өнім алынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жалпы, ауданда 107 бірлік комбайн тіркелсе, оның 79-ы орақ науқанына қатысып жатыр. Шаруалар егін орағы науқанымен қатар, мал азығын дайындау жұмыстарын да қатар жүргізуде. Осылайша мал азығының 202 тоннасы дайындалды.

Агротехникалық талаптардың сақталуы, жаңа технологияларды қолдану және мемлекет тарапынан дер кезінде берілген қолдаулардың арқасында биылғы жылы астықтың мол өнімін өсіруге қол жеткізіп отырмыз дейді бәйдібектік диқандар.

Алдын-ала жасалған болжам бойынша 31 мың 824 гектар масақты дақылдардың әр гектарынан 16 центнерден 51 мың тоннаға жуық астық жиналады.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкентте тұңғыш рет велостанция ашылды

Шымкентте жаңа жоба қолға алынды. Енді тұрғындар мен қала қонақтарының велосипедтерді жалға алып, қаланы аралауына мүмкіндік туып отыр. Оның ашылу салтанаты әл-Фараби атындағы орталық алаңда өтті. Оға...

Korrespondent.kz Оқиғалар

БАҚ: Ақтөбеде уаһһабтар жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр

Радикал ағымдардың ұстанушылары бірнеше жылдан бері Ақтөбе облысында далалықта жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр. Бұл туралы Aktobetimes басылымына жергілікті аңшылар мен орманшылар хабарлап отыр, деп...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қартайған шағында патша тектес өмір сүруді қалаған Төлешов президент болғысы келген

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісіне қатысты тергеу аяқталды. Енді іс сотқа жіберілді. Тергеу барысында белгілі болғандай, кәсіпкер  ел басқарғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл турал...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-дағы мешіт еліміздегі ең көрікті мешіт атанды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы «Нұғман» мешіті еліміздің ең көрікті мешіті атанды. Яғни, екінші Алла үйі атанып кеткен бұл орын республикалық байқауда оқ бойы озып шықты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter