Тоқтар Төлешов 13 ұл-қыздың әкесі екені белгілі болды (фото)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Тоқтар Төлешов 13 ұл-қыздың әкесі екені белгілі болды (фото)

Фото Д.Төлешованың әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасынан алынды

"Террорлық қатерлерді сараптау орталығының» директоры Рамиль Латыпов танымал бизнесмен Тоқтар Төлешовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасай отырып forbes.kz  хабарлады.

Рамиль Латыпов Төлешовті «Ресейдің үлкен досы», «терроризмнің қас жауы» деп атады. Сондай-ақ, ол Төлешовтің жекеменшік күзет мекемесі бар екенін де жеткізген.

«Қазақстанда қарапайым халыққа ұстауға тыйым салынған кейбір қару-жарақ оның қызметкерлерінде болған. Әрине, бәрі заң тұрғысында»,-деп атап өтті Латыпов.

 «13 баланың әкесі Төлешов әрдайым есірткіге жеккөрініштілікпен қарайтын. Оның Антитеррорлық, антиэкстрималдық мағынасы бар бірқатар туындылардың авторы бола тұра тыйым салынған әдебиеттерді таратуы – тіпті мүмкін емес»-деді орталық директоры.

2015 жылдың қазан айында Тоқтар Төлешов ТҚСО-дан (террорлық қатерлерді сараптау орталығы) жұмыстан өз қалауымен шығу туралы арыз жазған. Бұл шешімі өзін толықтай «Үдеу-өрлеу» қоғамдық қозғалысының  жетекшілігіне арнағысы келетінімен байланысты болған.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтар күні Шымкентте арнайы жасақ операциясы барысында төрт бірдей күдікті ұсталған еді. Олардың бірі – танымал бизнесмен Тоқтар Төлешов. Тінту барысында тұрғылықты мекені мен жұмыс орнынан қару мен есірткі заттары, әдебиеттер табылған болатын.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter