Балаларын репетитор жалдап оқытып жүрген депутат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Балаларын репетитор жалдап оқытып жүрген депутат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеді

Фото: www.namys.kz

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеп, еліміздің бас педагогынан оқыту жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етті, деп хабарлады КТК арнасы. Себебі қазіргі кітаптардың мазмұнын балалары түгілі,  мәжіліс депутатының өзі түсіне алмай қиналып жүр екен. 

 

- Біздің үйде жағдай қиын. Өйткені менің 3 балам мектепте оқиды. Мен мектепті медальмен бітіргенмін. Политехникалық институтты бітірген адам ретінде кітапты  түсіне алмаймын. Оқулық Қожанасырдың хаты сияқты. Біз көз алдымызда ұрпақты мүгедек қылып жатырмыз. Кез-келген оқулықты ашсаңыз, қате өріп жүр. Оқулық ешқандай сын көтермейді,- деді депутат.  

Мәжілісмен балаларын қыруар қаржыға репетитор жалдап оқытып жүр екен. Ал мұндай артық шығынға ақшасы жоқтар не істейді деп сұрады Білім министрінен. Депутаттың айтуынша, кітап басып шығару ісіне кәсіпкерлерді мүлдем жолатпау керек. Өйткені, бизнесмендер ақша табуды ғана көздеп, оқулықтың сапасына салғырт қарайды. Яғни, мектептегі кітаптарды ғалымдар жазып, оның ішкі мазмұнына Білім және ғылым министрлігі тікелей жауап беруі керек. Одан өзге Тілеухан мұғалімдердің де деңгейі өте төмен болғандықтан мектептерде білім беруге емес, түрлі концерт, киім тігіп кию, қыздардың шашын сәндеу сынды пайдасыз дүниелермен уақыт өткізіп  жатқанын айтып салды.  

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Екі әйелі бар композитор: "Екінші рет үйленемін деген еркекке әйелінің рұқсаты керек емес"

Танымал композитор Жарылқасын Дәулет екі әйелімен тату–тәтті тұрып жатыр. Тіпті бәйбіше мен тоқалы бір–біріне жәрдемдесіп те келеді. Бұл туралы өнер иесі шымкенттік Замана басылымына берген сұхбатында...

Korrespondent.kz Қоғам

Үш әйелі бар кәсіпкер азамат әйел алу ойыншық еместігін айтты

Ақтөбе облысында тұратын кәсіпкер Орынбай Жолмұратовтың үш әйелі бар. Нағыз қазақ. Үшеуі де бір ауылдың қызы екен. 18 жасында бірінші рет үйленген ол 32 жасында тағы бір келіншек алыпты, деп жазды akt...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімдік ғимаратындағы дәретханаға кірушілер күлкіге қарық болып жатыр (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегілер әжетханадағы тазалықты сақтаудың жаңа үлгісін ойлап тапты. Тазалықты сақтауды өтінген олар бұл тілектерін өлең жолдарымен жеткізуді ұйғарған. «Көрдіңіз бе? Е...

Korrespondent.kz Қоғам

Балаларын репетитор жалдап оқытып жүрген депутат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеді

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеп, еліміздің бас педагогынан оқыту жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етті, деп хабарлады КТК арнасы. Себебі қазіргі кітапт...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter