Сенаторлар тағы да шетелден қарыз алуды құптап жіберді (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 29 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Сенаторлар тағы да шетелден қарыз алуды құптап жіберді (видео)

Фото:news.caravan.kz

Депутаттар шетелден тағы қарыз алуға қарсы емес сияқты. 31 арна таратқан ақпарға сенсек, сенатор Қуаныш Айтаханов жерді сатып, қаржы жинағанша, шетелден ақша алып, ақсап тұрған ауыл-шаруашылығына берейік деп отыр. Бюджеттің жыртығын жамай бермей, өнеркәсіпке қарағанда 23 есе аз инвестиция алатын шаруалар қамына кірісу керек дейді депутат.

 

Өткен жолы мәжіліс мақұлдаған Халықаралық қайта құру және даму банкінен алынатын 1 млрд доллар қарызды бүгін сенаторлар да  "алу керек деп" құптады. Депутаттардан оң дауыс жинап шыққан Сұлтанов журналистерге Қазақстанның қарызы аз, әлі берешек лимитін бұзған жоқпыз деп "сүйінші" сұрағандай болды. Яғни, жалпы ішкі өнімнің 20 процентін құрайтын Қазақстан қарызы 50 пайыздық лимитке дейін бара алады. Ал жыл сайын еліміз қарыз бен несие пайызына 900 млрд теңгеден төлеп отырады екен. Бірақ сенаторлар берешек сомасын есептегенде ұлттық компаниялар қарызын қоса санасақ, қайтарым шарықтап кетеді деп алаңдап отыр.

 

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік тұрғын қызғаныштан әйелін балтамен шауып тастаған

Шымкентте жұбайын қызғанған ер азамат әйелін балтамен шауып тастады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қызылорда билігі Елбасы келеді деп мұғалімдерге шөп жұлғызып қойды

Бұл туралы таяуда республикалық «Тіл сақшысы» газетінің №10 санында жазылған. «Қызылордаға Елбасы келеді деп...» аталатын тақырыппен берілген мақалада Қызылорда қаласындағы №4 мектептің мұғалімдерінің...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімі боксшы Саттархановтың жұмыссыз жүрген бапкеріне жұмыс тауып беретін болды

Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың бапкері, алайда бүгінде жұмыссыз жүрген Нұрлан Жұмабаев жұмысқа тұратын болды. Бірнеше жылдан бері боксшы Саттарханов атындағы мектептің басшылық қызметінен бо...

Korrespondent.kz Қоғам

Қырғыздардың намысына тиген Мұхамедиұлын әріптестері де жақтырмай қалыпты

Шетелдерде дәретхана тазалап жүрген қырғыз қыздарын мүсіркеймін деп басы дауға қалған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан енді әріптестері де теріс айнала бастағандай. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter