Балалар үйінде болған ОҚО әкімінің көңіл-күйі түсіп кетті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Балалар үйінде болған ОҚО әкімінің көңіл-күйі түсіп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов кезекті сапарын Шымкенттегі балалар үйіне арнап, көңіл күйі болмай қайтты.  Оның себебі де жоқ емес.

 

«№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болған аймақ басшысы ондағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайымен танысқан болатын.

Мән-жайды көзімен көрген облыс әкімі мекемеде балалардың ғимарат ішіндегі еркін қозғалуына мүмкіндік беретін пандустың жоқтығын сынға алды. Сонымен қатар, онда ағымдағы жөндеу жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмегеніне, балалар үшін қажетті жағдайдың жасалмағанына куә болды. Бұл ретте аймақ басшысы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның жұмысына көңілі толмай, аталған олқылықтарды тез арада жоюды тапсырды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі басқарма басшысына орталыққа келесі жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, мекемені еуропалық стандарттарға сәйкестендірілген заманауи құрылғылармен қамтамасыз етіп, жұмыс жүйесін жаңартуды жүктеді. 

Айта кетейік, бүгінде аталған мекемеде жасы 3-тен 18-ге дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар 252 мүгедек бала арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз етілуде. Оларға 300-ге жуық маман емдік шараларын жасап, тәулік бойы қызмет көрсетеді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да 2 жастағы бүлдіршін дәретханаға түсіп кетіп, тұншығып өлді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында өткен демалыс күндері оқыс оқиға орын алды. Ауданға қарасты Ақтөбе ауылында  екі жасар бүлдіршін көз жұмды. Ол үйінің ауласында ойнап жүріп, әжетханаға тү...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Депутат Артур Платоновқа жұмысын пантеонға ауыстыруға кеңес берді

Сенбі күні жер туралы комиссия отырысында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан журналист, ҚР Мәжілісінің депутаты Артур Платоновқа қатысты мәлімдеме жасап, одан митингке шыққан азаматтарды жамандауын доғару...

Korrespondent.kz Қоғам

Балалар үйінде болған ОҚО әкімінің көңіл-күйі түсіп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов кезекті сапарын Шымкенттегі балалар үйіне арнап, көңіл күйі болмай қайтты.  Оның себебі де жоқ емес. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Жүрсін Ерман "миы айналып қалған" ақындарды атап берді (видео)

Айтыс өнері десе, ішкен асын жерге қойып, ақындар айтысының ұйымдастырушысы болып жүрген Жүрсін Ерман айтыстан кетіп жатқан кейбір айтыскерлердің ол әрекетін әсіре діншілдікпен байланыстырды. Тіпті Ба...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter