ОҚО-дағы тарихи ауданда бұрын-соңды болмаған шағынаудан салынып жатыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-дағы тарихи ауданда бұрын-соңды болмаған шағынаудан салынып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданында бұрын-соңды болмаған шағынаудан пайдалануға берілетін болды. Қоғам ауылдық округінің «Мыңшұқыр» елдімекенінде «Әл-Фараби» шағынауданы бой көтерілуде. Бүгінде онда инженерлік-коммуникациялық жүйелері мен тұрғын үй кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 

36 көпқабатты тұрғын үй салынуы жоспарланған шағынауданда биылғы жылы 10 тұрғын үйдің іргесі қаланып, жыл соңына қарай 180 отбасы Елбасы ықпалымен бастау алған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында тұрғын үйге қол жеткізетін болады.
Инженерлік-коммуникациялық жүйелерімен қамтамасыздандырылатын шағынаудандағы тұрғын үйлер мүмкіндігі шектеулі жандар, тұрғын үй көмегіне мұқтаж жандар мен жас отбасыларға берілмек.
Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов аталған құрылыс алаңдарына барып,  құрылыс жұмыстарының жайымен танысты. Мұнансоң аталған жұмысқа жауапты қызметкерлеріне тұрғын үй құрылыстарының сапасын қатаң бақылап, келісім-шартта белгіленген мерзім ішінде пайдалануға беру қажеттілігін ескертті.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да 2 жастағы бүлдіршін дәретханаға түсіп кетіп, тұншығып өлді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында өткен демалыс күндері оқыс оқиға орын алды. Ауданға қарасты Ақтөбе ауылында  екі жасар бүлдіршін көз жұмды. Ол үйінің ауласында ойнап жүріп, әжетханаға тү...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Депутат Артур Платоновқа жұмысын пантеонға ауыстыруға кеңес берді

Сенбі күні жер туралы комиссия отырысында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан журналист, ҚР Мәжілісінің депутаты Артур Платоновқа қатысты мәлімдеме жасап, одан митингке шыққан азаматтарды жамандауын доғару...

Korrespondent.kz Қоғам

Балалар үйінде болған ОҚО әкімінің көңіл-күйі түсіп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов кезекті сапарын Шымкенттегі балалар үйіне арнап, көңіл күйі болмай қайтты.  Оның себебі де жоқ емес. ...

Korrespondent.kz Қоғам

МС Сайлаубекті атып кетті деген ақпарат жалған боп шықты

Алматының Ішкі істер департаменті МС Сайлаубекке оқ атылғаны туралы ақпаратты тексеруде. Бұл туралы NUR.KZ порталы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. ...

Korrespondent.kz Мәдениет

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter