Оңтүстік Қазақстанда самаурын ұрлап келген қызылордалық ұсталды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 29 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Оңтүстік Қазақстанда самаурын ұрлап келген қызылордалық ұсталды

Фото: www.inform.kz

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, Түркістан қаласында бірнеше пәтерді тонап, самаурын, газ құрылғылары мен өзге де тұрмыстық заттарды қолды етті деген күдікпен Қызылорда тұрғыны құрықталды.  

 

21 мамыр күні Түркістан ҚІІБ-на 48 жастағы жергілікті тұрғын, белгісіз тұлға үйіне кіріп, ауласында тұрған 20 мың теңге тұратын самаурынын ұрлап кеткені туралы арызданған.
Түркістандық полицейлер  жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында 1983 жылы туылған Қызылорда облысының жұмыссыз азаматы ұсталған. Күдікті кінәсін толық мойындаған.
Тергеушілер анықтағандай, 33 жастағы күдікті соңғы үш айда орын алған 10 шақты пәтер ұрлығына қатысы бар болып шыққан. Ұсталған азамат  жергілікті тұрғындардың үйіне есікті бұзып кіріп,көрінген заттарды ұрлап отырған. Ұрланған заттарды темір қабылдайтын орындарға өткізіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жүрген.
Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден асады. Күдікті қамауда. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды.  

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік тұрғын қызғаныштан әйелін балтамен шауып тастаған

Шымкентте жұбайын қызғанған ер азамат әйелін балтамен шауып тастады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қызылорда билігі Елбасы келеді деп мұғалімдерге шөп жұлғызып қойды

Бұл туралы таяуда республикалық «Тіл сақшысы» газетінің №10 санында жазылған. «Қызылордаға Елбасы келеді деп...» аталатын тақырыппен берілген мақалада Қызылорда қаласындағы №4 мектептің мұғалімдерінің...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімі боксшы Саттархановтың жұмыссыз жүрген бапкеріне жұмыс тауып беретін болды

Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың бапкері, алайда бүгінде жұмыссыз жүрген Нұрлан Жұмабаев жұмысқа тұратын болды. Бірнеше жылдан бері боксшы Саттарханов атындағы мектептің басшылық қызметінен бо...

Korrespondent.kz Қоғам

Қырғыздардың намысына тиген Мұхамедиұлын әріптестері де жақтырмай қалыпты

Шетелдерде дәретхана тазалап жүрген қырғыз қыздарын мүсіркеймін деп басы дауға қалған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан енді әріптестері де теріс айнала бастағандай. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter