ОҚО әкімі 100 жасқа келген әртіске құрмет көрсетті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО әкімі 100 жасқа келген әртіске құрмет көрсетті

ФОТО: ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
ФОТО: ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Бейбіт Атамқұлов «Қазақ ССР-ның Еңбек сіңірген әртісі», Қазақстанның Халық әртісі, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Айша Абдуллинаны қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

 

Кездесуде аймақ басшысы өнер майталманын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен және 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, мәдениет саласында атқарылған жұмыстар жайы мен театр саңлағының мерейтойлық шығармашылық кешін ұйымдастыру туралы әңгімеледі. 

Айша Абдуллақызы соңғы жылдарда облыста түрлі мәдени нысандарының көптеп бой көтергенін, өнер саласына жылдан-жылға жіті көңіл бөлініп келе жатқанына ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының сахнасына 64 жыл ғұмырын арнап, 200-ден аса кейіпкерді сомдаған өнер иесі биыл 100 жасқа толып отыр. Айта кетейік, 2016 жылдың 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекесі қарсаңында Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Айша Абдуллинаның мерейтойлық шығармашылық кеші республикалық деңгейде аталып өтілмек.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter