Жұма намазға қатысқан Шымкенттің әкімі Елбасы туралы толғаулы әңгімесін айтып берді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жұма намазға қатысқан Шымкенттің әкімі Елбасы туралы толғаулы әңгімесін айтып берді

Фото: tvk-uko.kz

Бүгін Шымкенттегі қалалық мешітке жұма намазын оқуға жиылған жамағаттың алдына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шығып сөз сөйледі.  Әкім өз сөзін «бисмилахи рахмани рахим» деп бастап, содан соң жұртшылыққа өзін таныстырды. Кейін Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа сіңірген еңбегіне, атқарған жұмыстарына тоқталды, деп жазды oinet.kz.

- Біз ешкімге құл болмай, жалынбай өмір сүріп келе жатырмыз. Кеңес одағы тараған кезде Қазақстан экономикасы төмен елдердің бірі еді. 25 жыл ішінде ТМД-дағы ең бай ел болдық. Америка, Еуропамен бірдей елміз. Елбасы Отанымызға ең жаншыр тұлға. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған ел. Елбасының саясатының арқасында шекарамызды шегендеп алдық,- деген әкім бұдан кейін «Біз бәріміз алдымен Аллаға сенеміз, одан кейін Алла жіберген Елбасының саясатына сенуіміз керек»-деді.

Ғ.Әбдірахымов сондай-ақ,  Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша Шымкентте жолдар салынып жатқанын, 3-4 жылдың көлемінде қаланың ең басты проблемаларының бәрі шешіліп, Шымкент Алматы, Астана сияқты үлкен қалаға айналатынын айтты. Әңгімесінің соңында ол қалаға, халыққа адал қызмет етуге сөз берді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Қауын» операциясы немесе Мырзахметовтың тағы не ойлағаны бар?

Жаздың аяқталуына да бір ай қалды. Қар кетісімен кетпенін қару еткен диқан еткен еңбегінің жемісін көретін уақыт басталды. Қара майдың құны қымбат боп тұрғанда аса елене бермеген егінші мен малшыға өк...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Экономика

Сән-салтанат пен даңғазалықтың құны адам шошырлық

Келер жылы әлем жұртшылығының назары Қазақстанға ауғалы тұр. Бір жылдың ішінде жаһандық деңгейдегі бір емес, екі іс-шараны ұйымдастыруды мойынға алғанбыз. Әуелгісі – қаңтардың 29-ы мен ақпанның 8-і ар...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter