Қаржыдан қиналған жап-жас қазақ қыздары қалталыларды іздей бастады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 25 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Қаржыдан қиналған жап-жас қазақ қыздары қалталыларды іздей бастады

Дағдарыстан қиын қаржылық жағдайға түскен қазақ қыздары арасында "қалталы спонсор" іздейтіндер көбейіп кеткен деп жазды  NUR.KZ порталы.

Нәзік жандылар қаржылай көмек жасайтын қалталы азаматтармен көңілдес болуға әзір екенін "Казах.ру" халықаралық серверінде ашық жазуға кіріскен.

"Білімді, жетістікке жеткен қалталы ер адамды іздеймін. Сараң емес, писхикасы орнында, жасы отыздан асқан, маған қолдау көрсететін азамат керек. Екінші әйел, дос, көңілдес болуға әзірмін. Жасым 24-те, шашым ұзын. Түрім келісті, өзіме күтім жасап келген арумын. Қазақпын. Сараң, кедей және семіз адамдардан мазаламауларын сұраймын. Поштама жазыңыздар. Алматы", - деп жазған Сабина есімді қолданушы.

"Жасым 21-де. Сұлу әрі білімді бойжеткенмін. Денсаулығымда кінәрәт жоқ. Жеңіл жүрсті емеспін. Астанада тұрамын. Мені асырауға дайын жасы 35-тен асқан ер адамды іздеймін. Отбасылық құндылықтарды құрметтеймін, сол себепті үйленген болсаңыз, жеке өміріңізге аралспаймын. Қазіргі уақытта ақшадан қысылып отырмын. Менің мәселелерімді шешіп берсе, көңілдес болуға әзірмін. Көп сөйлемей, сөзін іспен дәлелдейтін нағыз еркек керек", - деп жазған Зами есімді өзге бойжеткен.

Осындай іспеттес 100-ден астам хабарлама қалдырғандар арасында арулардан бөлек, ақшаға көңілдес алуға әзір ер азаматтар да бар.

"Эскортта болмаған сұлу қызды іздеймін, білім, пәтер, шетелде шопинг жасау мүмкіндіктерін беру мен үшін қиындық тудырмайды", - деп жазған Марат есімді қолданушы.

Арулардың бірі мұндай қадамға қымбат көлік немесе пәтер алғысы келгендіктен барып отырғанын жазса, енді бірі қаржылай қиындықтың зардабынан баруға тура келгендігін алға тартқан.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкентте жоғалып кеткен 12 жастағы Балнұр табылды

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім Балнұр Насыр аман-есен табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қазақстанда педофилдердің есімдері мен суреттері жарияланған сайт пайда болды

Қазақстанда педофилдерді есепке алу және олар туралы мәліметтер ашық түрде жарияланатын болды.

Korrespondent.kz Қоғам

Журналистер "Қазақ радиосы" үш жылдан бері "аптекаға" айналғанын айтып министрден көмек сұрады

"Қазақ радиосының" Алматы бюросында жұмыс істейтін 30 қызметкер жаңа құрылған Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың атына хат жолдап, 95 жылдық тарихы бар радионың "аптекаға" айналғанын а...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте дөңгелегінің резеңкесі шықса да тоқтамаған қоғамдық автобус жолаушыларды шошытты (видео)

Шымкенттегі қоғамдық автобус жүргізушілері жолаушыға таласып, жаппай жарыс ұйымдастыруды қойып, енді көпшілікті жаңа қырымен таң қалдырды. Олар автобусты дөңгелексіз айдауға көшіпті. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter