"Казкомның" басшысы Рақышев бір күн бойы клиенттерге өзі қызмет көрсетпекші
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 22 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

"Казкомның" басшысы Рақышев бір күн бойы клиенттерге өзі қызмет көрсетпекші

Фото:http:nb.kz

«Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы Кеңес Рақышев баспасөз мәслихаты барысында бір жұмыс күнін банк клиенттеріне қызмет көрсетуге арнайтынын мәлімдеді, деп жазды Айқын басылымы. 

Белгілі бизнесмен үнемі әлеуметтік желіден банк сервисі туралы елдің ой пікірін оқитынын жеткізді.
«Сервис... Фейсбуктан комментарийлерді оқыдым. Бұл жағынан біз біраз артта қалып қойыппыз. Клиенттердің біз туралы жағымсыз жазғанының өзі олардың бізден басқа банкке ауыспағанын көрсетеді. Қазір коммерциялық банктер өте көп. Бірақ, белгісіз себептерге байланысты біз оларды сағаттап күтуге мәжбүрлейміз», - деді директорлар кеңесінің басшысы.
Оның айтуынша, клиент еш жағдайда көп күтпеуі керек.
«Мен бұл мәселемен айналысамын. Тестілік режимде банктің қызметін жаңартамыз, жаңа дизайн, жаңа қызмет ұсынамыз.  Бұл үшін мен және Марк Хольцман, Абай Искандеров үшеуіміз банк клиенттеріне бір күн қызмет ететін боламыз. Клиент біз үшін ең басты басымдыққа ие», - деді Рақышев.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

құртқа
0 құртқа 19.05.2016 12:59
Жеке кәсіпкерге шағын және орта бизнеспен айналысатын жеке тұлғаға несие бересіздер ме?
Жеке қабылдауыңызға барсам, қай күні қабылдайсыз?
Қай күні клиенттерді қабылдайсыз?
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Театр актері Тілеуханды Пайғамбар көріп кеткен жұртқа ақыл айтты

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мен қаламгер Бейбіт Сарыбайдың жерге қатысты айтқан ойлары әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптің пікірі екіге бөлінді. Осы жайтқа қатысты театр актері Бақыт Туша...

Korrespondent.kz Қоғам

Жұма намазға қатысқан Шымкенттің әкімі Елбасы туралы толғаулы әңгімесін айтып берді

Бүгін Шымкенттегі қалалық мешітке жұма намазын оқуға жиылған жамағаттың алдына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шығып сөз сөйледі.  Әкім өз сөзін «бисмилахи рахмани рахим» деп бастап, сод...

Korrespondent.kz Қоғам

Кеңесте телефонын шұқылап отырған депутат Тілеухан фотограф суретке түсіріп алды деп уайымдады

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан өзін суретке түсірмек болған фоторгафқа тиісті деп хабарлайды Baq.kz- ке сілтеме жасап NUR.KZ. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Тимур Құлыбаев: "Біз Риоға таза баруымыз керек"

Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар допингтен таза болуы тиі. Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев антидопингке қатысты жиында осылай деді, деп жазды Baq.kz...

Korrespondent.kz Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter