ОҚО әкімі Нельсон ханымға алғыс айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 27 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО әкімі Нельсон ханымға алғыс айтты

Фото: ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президенті Бетси Нельсонды қабылдап, аймаққа жасаған сапары үшін алғысын білдірді.

 

Қабылдау барысында қонақты өңір басшысы өңірдегі ауылшаруашылық логистиканы дамыту, әлеуметтік инфрақұрылыммен (газ, су, электр, жол) жабдықтау, суғару жүйелері жұмыстарын жүргізу сынды жобалар мен шағын жəне орта бизнесті дамыту бойынша әріптестік байланыс орнатуға шақырды.

Айта кетейік, бүгін Шымкентте Еуропалық қайта құру және даму банкінің аймақтық жаңа кеңсесі ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен ЕҚДБ вице-президенті Бетси Нельсон және Қазақстандағы банк өкілдігінің директоры Джанет Хэкман қатысты.

Оңтүстік өңірінде 2005 жылдан бері жұмыс істеп келетін бұл банк шағын және орта бизнезтің дамына қолдау білдіріп келеді. Осы жылдар ішінде 1 млн. еуродан асатын маңызды 180 жобаны қаржыландырған. Банк алдағы уақытта оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмыстарды кеңейтіп, жобаны қаржыландыру көлемін арттырмақ.

Айта кетейік, аталмыш банк бүгінге дейін ел экономикасының әртүрлі салаларына 6,5 млрд. еуро инвестицияласа, осы жылы 700 млн. еуро инвестиция құюды жоспарлап отыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

"Азаппен өлтірілген студент" оқиғасынан кейін шымкенттік полицей жүрек тебірентер хат жазды

Күні кеше бүкіл елді дүрліктірген Оңтүстік Қазақстан облысында болған қайғылы жағдай жұртшылықтың қабырғасын қайыстырғаны белгілі. Зәбірмен өлтірілген сарыағаштық студент Айгерім Оспанбекованың отбасы...

Korrespondent.kz Қоғам

Желі қолданушылары Шымкенттегі жалаңаштанған әйел мүсінін әбден мазақ етті

Шымкенттің орталығындағы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан жалаңаштанған әйел азаматының мүсіні осыдан бірнеше жыл бойы орнатылғанымен, желі қолданушыларының көзіне енді түсіпті. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Қазақстанның Мәдениет министрі өзінің орынбасары арқылы қырғыздардан кешірім сұрады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қырғыздарды ренжіткен сөздері үшін кешірім сұрап, өз ойының теріс мағынада қабылданғанын жеткізді. Бұл туралы вице-министр Ғалым Ахмедьяровтың ...

Korrespondent.kz Саясат

Отырар ауданында он жыл бұрын мектеп бітіргендер жерлестерін қуантып тастады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында мектеп бітіргеніне он жыл болған түлектер жерлестеріне ерекше тарту жасады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.   ...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter