20 жастағы жігіт көршісін соққыға жығып, құжаттарын унитазға ағызып жіберді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 25 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

20 жастағы жігіт көршісін соққыға жығып, құжаттарын унитазға ағызып жіберді

Фото: i.ytimg.com

Өскеменде өзара сөзге келіп қалған екі ер азаматтың жанжалы күтпеген оқиғамен аяқталды. Жанжалдасқандардың бірі екіншісінің пәтеріне кіріп, ұялы телефоны мен банк картчокаларын және де құжаттарын қолды еткен. Бір қызығы, өшіккен азамат құжаттарды унитазға ағызып жіберген. Бұл туралы YK-news.kz жазды.

 

20 жастағы өскемендік тұрғын достарының үйінде қонақта болған. Баспалдақта досының көршісімен  сөзге келіп қалады. Ақыры төбелеске ұласқан. Мәселені шешуге полицейлер келген. Алайда таяқ жеген көршісі шағым түсірмей, екеуара келісіммен аяқталды. Келесі күні жас жігіт досының көршісімен «азаматтарша» сөйлесуді жөн санап, үйіне баса көктеп кіреді. Бұл сәтте досының көршісі ұйықтап жатқан. Өкпесі тарқамаған азамат ұйқыда жатқан көршіні жұдырықпен ұрып оятып, пәтер иесінің ұялы телефоны мен әмиянын қалтасына салып алады. Құжаттардан ертерек арылу үшін унитазға ағызып жіберген. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің  үш бабы бойынша іс қозғалғанымен көршісі жігітке тағы да кешірім бергендіктен, азамат қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкентте жоғалып кеткен 12 жастағы Балнұр табылды

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім Балнұр Насыр аман-есен табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қазақстанда педофилдердің есімдері мен суреттері жарияланған сайт пайда болды

Қазақстанда педофилдерді есепке алу және олар туралы мәліметтер ашық түрде жарияланатын болды.

Korrespondent.kz Қоғам

Журналистер "Қазақ радиосы" үш жылдан бері "аптекаға" айналғанын айтып министрден көмек сұрады

"Қазақ радиосының" Алматы бюросында жұмыс істейтін 30 қызметкер жаңа құрылған Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың атына хат жолдап, 95 жылдық тарихы бар радионың "аптекаға" айналғанын а...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте дөңгелегінің резеңкесі шықса да тоқтамаған қоғамдық автобус жолаушыларды шошытты (видео)

Шымкенттегі қоғамдық автобус жүргізушілері жолаушыға таласып, жаппай жарыс ұйымдастыруды қойып, енді көпшілікті жаңа қырымен таң қалдырды. Олар автобусты дөңгелексіз айдауға көшіпті. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter