Ділнәз Ахмадиева қазақ тілі курсына барып жүргенін айтып мақтанды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 25 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Ділнәз Ахмадиева қазақ тілі курсына барып жүргенін айтып мақтанды

Фото:news.caravan.kz

Танымал әнші Ділнәз Ахмадиеваның қазақ тілін кәсіби түрде үйреніп жүргеніне бір жарым ай болыпты. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасында әнші осылай деді. Сондай-ақ өнер иесі алдағы арманымен де бөлісті. Бағдарлама жүргізушісі Қоянбаев Ділнәзге арманын орындауға көмегін беруге тырысатынын айтып жеткізгенімен, жұлдыз «Жоқ, мен үш баланың анасы болғым келеді және ол сенің қолыңда емес» деген сынды жауап қатты. Одан өзге Ахмадиева өнердегі қызықты оқиғаларын да айтып өтті.

 

«Қызықты оқиға талай болған ғой. Үш рет тура концертке шығар кезімде сахнаның артында аяқ киімім жоғалып, тығырыққа тірелгенім бар. Бірақ амалын тауып сахнаға шығып өнер көрсеттім. Әсіресе Республика сарайында өткен кештердің бірінде құрбымның 38 мөлшерлі аяқ киімін киіп шыққанмын. Құрысын, сахнаға шыққанымды қайтейін, қозғала алмай, ән орындадым ғой» деп өткенін бір күліп еске алды әнші.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкентте жоғалып кеткен 12 жастағы Балнұр табылды

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім Балнұр Насыр аман-есен табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қазақстанда педофилдердің есімдері мен суреттері жарияланған сайт пайда болды

Қазақстанда педофилдерді есепке алу және олар туралы мәліметтер ашық түрде жарияланатын болды.

Korrespondent.kz Қоғам

Журналистер "Қазақ радиосы" үш жылдан бері "аптекаға" айналғанын айтып министрден көмек сұрады

"Қазақ радиосының" Алматы бюросында жұмыс істейтін 30 қызметкер жаңа құрылған Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың атына хат жолдап, 95 жылдық тарихы бар радионың "аптекаға" айналғанын а...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте дөңгелегінің резеңкесі шықса да тоқтамаған қоғамдық автобус жолаушыларды шошытты (видео)

Шымкенттегі қоғамдық автобус жүргізушілері жолаушыға таласып, жаппай жарыс ұйымдастыруды қойып, енді көпшілікті жаңа қырымен таң қалдырды. Олар автобусты дөңгелексіз айдауға көшіпті. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter