Көкірекбаев өсе ме, «өше» ме?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Көкірекбаев өсе ме, «өше» ме?

  • Арман КӨПЖАСАР

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Қ.Бозымбаевтың «жарылқаушысы» Мәсімов болатын. Және оған ерекше «берілген», сенімді адамы еді. Мұны оның еңбек жолы дәлелдеп тұрғандай. Мұны Бозымбаевтың өзі де жоққа шығармайды деп ойлаймыз. Осы адалдығының арқасында ол жаман болды ма? Басына қандай «нәубет» келсе де қабырғасы қайыспады, қиындықтың бәрін оңай жеңіп шығып, қазіргі таңда Энергетика саласын ұршықтай иіріп отыр. Егер де ғайыптан тайып, Мәсімов президент бола қалса Бозымбаевты Премьер-министр етіп жіберсе таң қалмаймыз.

Бүгінде сол Бозымбаевтың ізбасар таңдаудағы шеберлігіне, көреген-ділігіне бұрынғы әріптестері қызыға әрі қызғана қарайды. Себебі ол өзінің орнына, яғни, Жамбыл облысының әкімі етіп жаманын жасырып, жақсысын асыратын, жыртығын жамап, тесігін бітеуге қабылетті, «ым-жымы» бір мұрагерді жазбай танып, орнына қалдырып кетті. Ол сабазың да пысық екен, «шефының» үмітін ақтады. 

Ендігі мәселе, бұрынғы «қожайынының» үмітін ақтап келе жатқан Көкірекбаев қызметтік баспалдақта бұдан әрі өсер ме екен? Бозымбаевқа бұйырған бақ бұған да қонады ма? Бұл енді уақыттың еншісіндегі мәселе. Алайда, Көкірекбаевтың өсуіне кедергі келтіретін бірнеше жағымсыз факторлар бар. Және де соңғы 4-5 айда Жамбыл облысында орын алған оқиғалар Көкірекбаевтың амбициясына біраз кедергі келтіретін сияқты. Қай оқиғалар десеңіз, айтайық. 

Биылғы жылдың басында Жамбыл облысына қарасты Бурыл ауылында бүкіл елде үлкен резонанс тудырған жантүршігерлік қылмыс болғаны естеріңізде шығар. 17 жасар түрік ұлтының өкілі көршісінің үйіне ұрын кіріп, үйді тонамақ болған кезде оны көріп қойған 7 жасар қазақ баласын пышақтап өлтірген болатын. Осыдан кейін қаны қызған ауыл адамдары түрік отбасына шабуыл жасамақ болып, арты үлкен толқуға ұласып, тәртіпсіздіктер орын алып еді. Жамбыл облысы тұрмақ бүкіл Қазақстан осы оқиғаға қатты алаңдады. Арты ұлтаралық қақтығысқа ұласып кетпесе екен дедік. Бірнеше күн шуы басылмаған оқиға әбүйір болғанда зорға деп тыншыды. Бұл да болса Көкірекбаевтың шашына ақ түсірмеді дей алмайсыз. Үлкен кісілерден «шағын ғана дау-дамайды баса алмағаның қалай» деген сыңайдағы ескертпелер мен айқайды есту кімге оңай соқсын. 

Келесі бір оқиға Талас жақта орын алған-ды. Мұнда да бала өлімі. Ұмытқан болсаңыздар естеріңізге салайық. Бурылдағы оқиғадан сәл ғана бұрын Жамбыл облысына қарасты Талас ауданында мектеп оқушысы көлік ішінде босанып қалып, жаңа туған нәрестені әжесі көліктің терезесінен лақтырып жіберген болатын. Бұл оқиға да елде үлкен шу көтерді. Мұнан соң бір ғана безбүйрек отбасының кесірінен Талас ауданы әкімінің орынбасары мен аудандық білім бөлімінің басшысынан бастап, ауыл әкімі, мектеп директоры, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп медбикесі, сынып жетекшісі, барлығы алты бірдей адам жұмыссыз қалды, төрт адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Бір ғана Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың жазықты-жазықсыз бірнеше адамның «басын жұлып алғанымен» жұмыс бітті ме екен? Егер елдің, халықтың қамын ойлаған Көкірекбаев болса қарамағындағы қауқарсыз қызметкерлерімен алыспай, облысындағы орын алып жатқан идеология саласындағы былықтар жайында Қазақстандағы идеологияға жауапты Президент әкімшілігінде отырған Аппарат басшысының орынбасары Майлыбаевқа, оған айтуға дәті шыдамаса Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Балаеваға жауырды жаба тоқымай «облыста ахуал нашар, менің шамам келмей жатыр, қауқарым жетер емес, көмек қолын созыңдар» деп мұңын шақса болады ғой. Бұларға сөзі өтпесе өздерін ел идеологиясының локомотиві санап жүрген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовке неге айтпады екен дейміз. 

Қалай дегенмен де бұл оқиға Көкірекбаевқа соққы болып тиген алғашқы қиындық еді. Алайда, Кәрім мырза өз облысында орын алған проблемадан ертерек құтылу үшін немесе дер кезінде шара қолдана білді деген мақтау есту үшін бе, әйтеуір сыныққа сылтау қылып, дағдарыс қысып тұрған кезеңде бірталай адамды жұмыссыз қалдырды. Шындап келгенде сол қызметкерлердің біразының тіпті кінәсі де жоқтай көрінеді бізге. Егер кінәліні іздесе облыстың идеология саласын басқарып отырғандарды, Білім саласын басқарып отырғандарды, Талас ауданы әкімінің өзін неге қызметтен алмады екен? Облыста, ауданда мәселені шешетіндердің ең басында тұрған солар емес пе еді? Сұрақ бар, жауап жоқ.

Бұл аз десеңіз, осы аптаның ортасында Жамбыл жақтан тағы бір шулы ақпарат жетті. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылық құрамы бірінен соң бірі пара алды деген күдікпен ұсталыпты. Облыстың бас дәрігері Ерлан Масалимов пен оның екі орынбасары және екі бөлім жетекшісі жұртты бопсалап, ақша алуды әдетке айналдырған көрінеді. Бүгінде басқарма басшысы Ерлан Масалимов қамауға алынған. Қалған төрт лауазымды қызметкер әзірге бостандықта екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның қызметкерлері, денсаулық сақтау басқармасының бастығы сыбайластарымен бірігіп, медициналық мекеме атаулының бас дәрігерлерінен айына 300 доллардан бастап, 10 мың долларға дейін пара алып келгендерін айтады. Ақша алудың сан жолын жүйелеген деген басшылық құрам тендер өткізіп те қалталарын қалыңдатып келіпті. Бюро қызметкерлері бұлардың қызметке тағайындау үшін де ақша алып келген айтады. Айта кетейік, Ерлан Масалимов өткен жылы ғана басқармаға басшы болып тағайындалған еді.

Аталмыш оқиға нені білдіреді? Бұл Жамбыл облысындағы атқарушы органдардың басшылық құрамдарында парақорлықтың өршіп тұрғанын байқатады. Бір басқарманың бір емес, бірнеше лауазымды қызметкерінің ұсталуы соның бір дәлелі. Денсаулық сақтау басқармасының басшысын басқа емес, Көкірекбаевтың өзі тағайындағаны анық. Тағы бір айта кетерлігі, денсаулық сақтау саласына бюджет қаржысы молынан аударылады. Қанша шығын, қанша кіріс кіретінін облыс басшысының білмеуі мүмкін емес. Тендердің қалай өткізілетіні де, кімдерге берілгені де Көкірекбаевқа белгісіз дей алмайсыз. Сонда олар ақшаны қайда жіберіп келген? Кім қадағалауы тиіс? Сол саланың былыққа батып, пара алу фактілері орын алып жатқанын Көкірекбаев білмеді ме сонда? Білудей-ақ білеген де шығар. Білген болса неге дер кезінде шара қолданбады? Әлде жыл суытпай өзінің таңдаған кадрынан жеріп, өзі құртқызды ма екен? Өзі тағайындаған қызметкері істі болып жатыр екен, енді Көкірекбаев өз еркімен әкімдіктен кете ме? Көпшілікті осы сауалдар мазалайды.

Байқағаныңыздай жыл басталысымен Жамбыл облысы елді шулатумен келеді. Бұл аталған өңірде мәселелердің қордаланып қалғанын көрсетеді. Атқарушы биліктің мәселелерді шешуге қауқары жетпеген кезде мұндай қиындықтар лек-легімен көрініс таба беретіні белгілі жағдай. Демек, бір өзгеріс керек. Қалай болғанда да жоғарыда аталған оқиғалар Жамбыл облысының әкіміне жақсы ат әпермесі анық. Тақырыпты Көкірекбаев өсе ме, «өше ме» деп қоюымыздың да себебі сол болатын. Әйткенмен, елді тітіркендірген қаншама оқиғалар орын алып жатса да Көкірекбаев орнында тапжылмай отыр. Ауыс-түйіс орын алады дейтін сыбыс та жоқ. Мүлгіген тыныштық. Кім біледі, бұл бір дауыл алдындағы тыныштық болып шықпасын…

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да 2 жастағы бүлдіршін дәретханаға түсіп кетіп, тұншығып өлді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында өткен демалыс күндері оқыс оқиға орын алды. Ауданға қарасты Ақтөбе ауылында  екі жасар бүлдіршін көз жұмды. Ол үйінің ауласында ойнап жүріп, әжетханаға тү...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Депутат Артур Платоновқа жұмысын пантеонға ауыстыруға кеңес берді

Сенбі күні жер туралы комиссия отырысында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан журналист, ҚР Мәжілісінің депутаты Артур Платоновқа қатысты мәлімдеме жасап, одан митингке шыққан азаматтарды жамандауын доғару...

Korrespondent.kz Қоғам

Екі әйелі бар композитор: "Екінші рет үйленемін деген еркекке әйелінің рұқсаты керек емес"

Танымал композитор Жарылқасын Дәулет екі әйелімен тату–тәтті тұрып жатыр. Тіпті бәйбіше мен тоқалы бір–біріне жәрдемдесіп те келеді. Бұл туралы өнер иесі шымкенттік Замана басылымына берген сұхбатында...

Korrespondent.kz Қоғам

Үш әйелі бар кәсіпкер азамат әйел алу ойыншық еместігін айтты

Ақтөбе облысында тұратын кәсіпкер Орынбай Жолмұратовтың үш әйелі бар. Нағыз қазақ. Үшеуі де бір ауылдың қызы екен. 18 жасында бірінші рет үйленген ол 32 жасында тағы бір келіншек алыпты, деп жазды akt...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter