ОҚО-дағы тергеуші сауда үйінен тіс пастасын ұрлап, ұсталып қалды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 23 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-дағы тергеуші сауда үйінен тіс пастасын ұрлап, ұсталып қалды

Фото: www.nur.kz

Әлеуметтік желі арқылы Астанадағы «Алма» сауда үйінен 3 тіс пастасын ұрлап алып, оны бейне жазбаға мойындап тұрған келіншектің видеосы тарап жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

 

Келіншектің сөзінше, ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік кірістер департаментінің тергеушісі қызметін атқарады. Сондай-ақ қолды қылған бұйымын көрсетіп, дүкеннің де мекен-жайын толық атаған.

Аталған жазбадағы әйелдің Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері екенін аталған ведомство өкілдері мойындап отыр.

«Бейне жазбаны біз кеше көрдік. Әйелдің қолындағы қызметтік куәліктегі аты-жөні арқылы оның Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік кірістер департаментінде бас маман, аға тергеуші қызметін атқаратыны рас. Алайда азаматша білімін желідіріп, магистратурадағы оқуына байланысты, қазір жұмыста емес, ақысы төленбейтін демалыста. Оның бұл жағдайға не үшін барғанын арнайы құрылған ішкі тексеру тобы анықтайды. Сондай-ақ осы әрекетіне байланысты қандай жаза немесе шара қолданылатыны да сол кезде белгілі болады», - деді Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов.

Белгілі болғаны тіс пастасын ұрлаған азаматша 2014 жылы қаржы полиция академиясын тәмәмдаған, офицер шенінде. 2014 жылдың желтоқсаны мен 2015 жылдың қараша айларының аралығында ОҚО мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық қылмыстар бөлімінде жұмыс жасаған.

Қазір ақысы төленбейтін демалыста болса да, ол аталған мекеменің ресми қызметкері болып табылады. Комитет қызметкерлерінің сөзінше бейне жазба осы жылдың 6 ақпанында түсірілген екен.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Еркін Нұржанов екінші әйеліне үйлену туралы ұсынысты телефон арқылы айтқан

Әнші Еркін Нұржанов  "Той жыры" бағдарламасында қазіргі жарына қалай қол жеткізгенін айтып берді. Жұлдыздың айтуынша, ол болашақ жарын   7-8 жылдан бері жақын араласып жүрген ағасының үйінде кездестір...

Korrespondent.kz Мәдениет

Жамбылда 6 жастағы баласынан айырылған ана әлі төсек тартып жатыр

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылындағы бала өлімінен кейін марқұмның анасы әлі есін жия алмауда. Төсек тартып жатыр. Бұл туралы Азаттық хабарлады.  ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Жұрттың күлкісіне қалған ұлттық құраманың Олимпиадаға киетін  киімі өзгеретін болды

Күні кеше ұлттық құрама спортшыларының Риода өтетін Олимпиадада киетін киімдері көпшілік назарына таныстырылған болатын. Алайда киім үлгісі қазақстандықтардың бірқатарына ұнамады. Тіпті оны әлеуметтік...

Korrespondent.kz Спорт

Шымкентте жылу құбырынан шарананың денесі табылды (видео)

Әлеуметтік желілердің бірінде жан түршігерлік видео пайда болды. Онда тұрғындар (коммуналшылар да болуы мүмкін) жылу құбырларының бірінен шарананың денесін тауып алған.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter