Валентин күнімен құттықтаған шымкенттік полицей өзіне арналған эстафетаны көріп, қуанып кеткенін айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Валентин күнімен құттықтаған шымкенттік полицей өзіне арналған эстафетаны көріп, қуанып кеткенін айтты

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Шымкенттік  жүргізушілер жергілікті полицейлердің қаланы терезелері күңгірттеген көліктерден тазарту мақсатында қолға алған шарасына шамаларының келгенінше қолдау көрсетіп жатыр. Тіпті ол үшін арнайы эстафетаны бастап кетті. Оны көпшілікке жария ету мақсатында видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жария етуде. Ең алғашқы видео «инстаграм»  желісінде пайда болды.

Онда жас жігіт темекі тартып тұрып, «Дима, братан, это чисто посвящается тебе» деп көлік терезесіндегі жапсырманы жұлып алып тастайды. Ал видео астына «Новая эстафета! Снимайте сами тонировку и будьте законопослушными гражданинами» деп жазба қалдырған. Желі қолданушылары жас жігіттің бұл әрекетіне қатысты түрлі пікірлер жазды. Тіпті бірі «Данияр Мейірхан (лақап аты Дима) мырзаға арналады» дегендер де табылды. Мұнан соң осы секілді видеолар көптеп пайда болды. Бұл эстафетаны келемежге айналдырғандар да бар.

Шымкент қаласы бойынша жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан болса, өзіне арналған бұл әрекетін көріп, қуанып кеткенін жасырмады.  

«Қала тұрғындарының қолдауын көріп қуанудамыз! Кез-келген өзгерістер екі жақтама болуы тиіс, біздің тарапымыздан және xалық тарапынан. Эстафета жасап, заңды қолдап жүрген жастарымызға шексіз алғысымды білдіремін»,-деді Данияр Мейірхан.

Ақпарат ретінде айта кетейік, Данияр Мейірханның басшылық қызметке тағайындалғанына тура бір апта болды. Жаңа жұмысына кіріскен ол 14 ақпан күні Валентин күнімен құттықтап, жұртты таң қалдырған болатын.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Енді қандай «сюрприз» жасайсыз, Ерлан мырза?

Қазіргінің әкімқаралары өз-өздеріне сұмдық ғашық. «Біреу мені мақтаса, әлі жетпеген жетістігімді жеттіге санаса» деп тұрады. Сөйтеді де өзін жарнамалаудың соңына түсіп кетеді. Тіпті, өз өтірігіне өзі ...

Әділ АЙТАР Саясат

Қазақтілді фильмдер қашан пайда табады?

«Көш жүре түзеледі». Ал қазақ киносының көші ше? Еліміздегі киноиндустрияны кенже қалған салаға жатқызудан алдымызға жан салмай келеміз. Сонда әртістер мен режиссерлердің төккен маңдай тері мен ерен е...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Мұнай арзандап жатыр

Қара алтын бағасы арзандауын жалғастыруда. Қыркүйек айында жеткізілуі тиіс Brent келісім-шарттарының құны дүйсенбіде 44,72 доллар болса, сәрсенбіде 43,47 долларға дейін төмендеді. ...

Жанат ҚАПАЛБАЕВА Экономика

Дизель тапшылығын қалай шешеміз?

ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Жалдинов бензин мен дизель отыны бағасының қымбаттайтыны туралы қауесеттерді жоққа шығарды. Бұл жөнінде ол өзінің Фейсбук парақшасында жар...

Жанат ҚАПАЛБАЕВА Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (702) 5361474

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter