Шымкентте қаланың қақ ортасында көлік өртеніп кетті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 23 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте қаланың қақ ортасында көлік өртеніп кетті

Фото: kz.otyrar.kz

Шымкентте қаланың қақ ортасында жеңіл автокөлік өртенді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Отырар арнасы. 

Республика даңғылында Hyundai Sonata автокөлігі толық жанып кеткен. «Скороход» аялдамасы жанында тұрған көлік кенеттен жана бастаған. 

Куәлер дереу полиция мен өрт сөндірушілерге хабар береді. Келеңсіз жағдайдың кесірінен көшеде көлік кептелісі пайда болды. Оқиға орнына келген полицейлер бірнеше минуттың ішінде жол қозғалысын ретке келтірген.

Өрт сөндірушілерге суыт хабар 19:36-да түскен. Көрсетілген мекенжайға 2 арнайы техника мен 8 өрт сөндіруші келді. Көліктің жүргізушісі екі қолын бірдей күйдіріп алған. Дегенмен, оқиға орнына келген жәдел жәрдем алғашқы көмек көрсеткен соң 44 жастағы азамат ауруханаға жатудан бас тартты.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Еркін Нұржанов екінші әйеліне үйлену туралы ұсынысты телефон арқылы айтқан

Әнші Еркін Нұржанов  "Той жыры" бағдарламасында қазіргі жарына қалай қол жеткізгенін айтып берді. Жұлдыздың айтуынша, ол болашақ жарын   7-8 жылдан бері жақын араласып жүрген ағасының үйінде кездестір...

Korrespondent.kz Мәдениет

Жамбылда 6 жастағы баласынан айырылған ана әлі төсек тартып жатыр

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылындағы бала өлімінен кейін марқұмның анасы әлі есін жия алмауда. Төсек тартып жатыр. Бұл туралы Азаттық хабарлады.  ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Жұрттың күлкісіне қалған ұлттық құраманың Олимпиадаға киетін  киімі өзгеретін болды

Күні кеше ұлттық құрама спортшыларының Риода өтетін Олимпиадада киетін киімдері көпшілік назарына таныстырылған болатын. Алайда киім үлгісі қазақстандықтардың бірқатарына ұнамады. Тіпті оны әлеуметтік...

Korrespondent.kz Спорт

Шымкентте жылу құбырынан шарананың денесі табылды (видео)

Әлеуметтік желілердің бірінде жан түршігерлік видео пайда болды. Онда тұрғындар (коммуналшылар да болуы мүмкін) жылу құбырларының бірінен шарананың денесін тауып алған.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter