Подобедова: "Менің берер жауабымнан гөрі қояр сұрағым көп"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Подобедова: "Менің берер жауабымнан гөрі қояр сұрағым көп"

Фото: vesti.kz

Допинг дауына ұшыраған қазақстандық тағы бір ауыр атлет Светлана Подобедова бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады 365info.kz.

 

«Бұл ақпаратты естігенде төбемнен жай түскендей болды. Мына жағдайда, тіпті, не істейтінімді де білмеймін. 2009 жылдан бастап Қазақстан атынан сынға түсе бастадым, осыған дейін барлық лицензиялық турнирлерде, соның ішінде, 2012 жылғы Олимпиада ойындарында да допинг-тестерден бірнеше рет өттім.

Барлық сынамада бойымда допинг жоғы анықталған еді, қайта тексеру процедурасын, спортшыларды қай принциппен іріктегені маған мүлде түсініксіз. 4 жыл өтті… Бұл тұтас бір кезең… Неге Рио Олимпиадасына екі-ақ ай қалғанда осындай даудың шетін шығарып отыр. … Менің берер жауабымнан гөрі қояр сұрағым көп" деп ағынан жарылды спортшы.

"Алайда ТМД-ның белгілі спортшылары уақытша жарыстардан шеттетіліп отырғаны шындық. Осы сәттен бастап, мен өз құқығымды қорғаймын. Спорт әлемінде тұтанған дау-жанжал өртіне қарамастан, жаттығуымды жалғастыра беремін!, – деп жазды Подобедова инстаграмдағы жеке парақшасында. Айта кетейік, бұған дейін Подобедованың әріптесі, екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин де допингке қатысты шыққан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Алмалы67
0 Алмалы67 18.06.2016 20:51
Света мы то же переживаем за вас и за наших тяжелоатлетов. Вы наша гордость, всего Казахстана. Света алға, алға Қазақстан.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тергеуші қамауға алынды

Көзі қарақты оқырманның есінде болса, осыдан бірер ай бұрын атыраулық ішкі істер саласының қызметкері өз басшыларының үстінен арыз жазып, ол біздің газетте де жарияланған болатын. Таяуда осы арызға ба...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Оқиғалар

Өз аяғымен келген суды қымбатқа сатуда

Шымкентте шілдеден бастап ауызсу қымбаттады. Қымбатшылық қыл-кеңірдектен алып тұрған мына заманда бағаны бір жүйеге келтіріп, ұстап отыру қиын. Шілдедегі ыстық нарықтың қан қысымын көтерді ме, ас атас...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Әншілерімізді «дұшпандары» шешіндіруге құмар

Жалаңаштанудан алдына жан салмайтындар сиремей тұр. Алтайды айта-айта қажыған Жамал апамыздай жалаңаштардың жырын жырлаудан біз де шаршамай келеміз, әйтеуір... Елдің жасы мен кәрісі аузын баққан әншіл...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

Жабайы саудамен күрестің өзі көзбояушылық сияқты

Заңсыз сауда орындарымен күрес деген аты болмаса, одан шығып жатқан нәтиже жоқ. Қаланың кәсіпкерлік бөлімі, СЭС қызметі мен құқық қорғау органдары осындай тұлғаларды анықтап, ұстау үшін үнемі рейдке ш...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter