ОҚО әкімі тау шатқалында жастармен галстуксыз кездесті (фото)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО әкімі тау шатқалында жастармен галстуксыз кездесті (фото)

Оңтүстік Қазақстанда болашақ мемлекеттік қызметкерлерге бұл жұмыстың мән-жайын түсіндіру шаралары табиғат аясында өте бастады. Аймақтағы Төле би ауданы, Біркөлік шатқалындағы «Бастау» демалыс аймағында үш күндік «Жастар Отанға» саяси лагері өтуде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Мұнда жоғары оқу орнының түлектері мен жас мамандарға және әкімшілік лауазымға үміткер азаматтарға мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді.

Семинар барысында өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов бейресми жағдайда болашақ мемлекеттік қызметкерлерімен кездесті. Жастармен әңгіме барысында облыс әкімі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру процесі жүріп жатқанын, оған білімді, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрлардың қажет екенін атап өтті.

Іс-шара шеңберінде жастар арасында көшбасшылық дағдыларын дамыту, дербес және кәсіби өсу үшін жағдай жасап қоғамда табысты іске асыру бойынша тренингтер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, саяси лагерьде жастарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасын насихаттау мақсатында түсірілген «Hello ауыл» бейне туынды ұсынылып, қатысушы жастар арасында спорттық ойындар мен мәдени іс-шараларда өткізілмек.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкентте 14 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті (фото)

Оңтүстікқазақстандық полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы жеткіншек Лилия Ахметованы іздеп жатыр.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкент әкімі велосипедке отырамын деп жұрттың сөзіне қалды

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың велосипед мінген суретін әлеуметік желі пайдаланушылары талқылап бітпей жатып, желіде әкімнің велосипед айдап бара жатқан видеоролигі жарияланды. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Түрмеде отырған жас жігіт ауыр соққыдан көз жұмды

Павлодардағы колонияда жазасын өтеп жатқан 1988 жылы туған азаматтың қайтыс болды, деп хабарлайды Bnews.kz. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter