Асқар мен Беріктің беделсіздігін шырша әшкереледі
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Дүйсенбi, 7 желтоқсан 2015

 Кіру / Тіркелу

Асқар мен Беріктің беделсіздігін шырша әшкереледі

  • Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Асқар Мырзахметов пен Берік Уәли «Нұр Отан» партиясының орталық кеңсесіне ауысқан кезде ылғи бірнәрселердің бастамашысы болып жүретін екі дос Астанаға қандай жаңалықтарымен келді екен деп, ел біраз өзгерістерден дәмелі болды. Әрине, партияның төрағасы Елбасының өзі екенін жақсы білеміз. Дегенмен, Президент партияға қатысты атқарушылық, бастамашылдық негізгі функциялардың көпшілігін бірінші орынбасарына жүктеді ғой. Міндет пен тапсырма алған соң, сол үдеден шығу керек.

Дұрыс. Астана қаласына өзгерістер енгізіп, жаңалық жасайтындай Мырзахметов бас қаланың әкімі емес. Бірақ, мына бір жайтты естен шығармайық: Нұр Отан партиясы ел саясатының басты қозғаушы күші, былайша айтқанда – моторы. Қандай бастаманың болмасын бел ортасында Нұр Отан жүруі тиіс. Тіпті, сол бастаманы осылар көтеріп, орындаттыруы керек. Бұл – тікелей партияның беделіне әсер етеді.

Бастама демекші, «Асқар Мырзахметов – Берік Уәли» тандемі Оңтүстікте басшылық етіп, түкірігі жерге түспей тұрған кезде Тәуелсіздік күні өтпейінше жаңа жыл мерекесінің атрибуттары болып кеткен шырша мен басқа да жарқ-жұрқ еткен безендірулерді облыстың кез келген ауданынан да, Шымкенттің ішінен де таппайтынбыз. Себебі, осы екі кісінің «айқайымен» оған тоқтау салынған-ды. Бірақ, неге екені белгісіз, Елбасының партиядағы бірінші орынбасары болғалы бұл мәселеге Мырзахметовтың тісі батпай тұр. 

Бұлай деуіміздің себебі, Тұңғыш Президент күні еліміздің ең үлкен екі қаласы – Астана мен Алматыда және басқа да бірнеше облыс орталықтарында жаңажылдық шыршаның шамдары жағылды. Нұротандықтар Тәуелсіздік күніне дейін шырша шамдарын жақпай қоя тұрсақ қайтеді деп, біраз алашапқын болғанын естідік. Сөйтсек, ол әңгіме қауесет болып шықты. Бұл бастаманы Мирас қоғамдық кеңесі көтеріпті. Үн қатып, қолдау көрсеткендер де жоқ емес. Қызылорда, Атырау, Тараз, Семей мен Орал қалалары қолдаған. Алайда, Мырзахметов бастаған, Берік Уәли қостаған топ мирастықтардың бастамасына ешқандай үн қоспағанын естіп қалдық. Шыршаны 16 желтоқсаннан кейін-ақ орнатсақ қайтеді деп Нұр Отанның мүшесі болып табылатын Астана мен Алматы әкімдеріне айтса айтқан да шығар, бірақ олар құлақтарына да ілмеген сыңайлы. Ілсе, бұлай алаулатып, жалаулатып, дәл Президент күніне тураламас еді ғой деп пайымдаймыз. Қарап тұрсаң, Тұңғыш Президент күні ұлттық мереке емес, жаңа жылға старт беретін күн сияқты болып қалды. 

Мейлі, Асқар Мырзахметов партияның бірінші кезекті мәселелерімен басы қатып, қағазбастылықтан шаршап, алдыңғы орынбасар салып кеткен сүрлеуден шыға алмай жатқан шығар. Бірақ, ең болмаса қазақша жарытып білмейтін Астананың әкімі Әділбектің, Алматының жасарға жаңалық таппай отырған әкімі Байбектің құлағына сыбырласа да, тіпті, жалынса да бірдеңе қылып жеткізуіне, тоқтатуларына болар еді ғой. Әншейінде алашшыл, қазақшыл бола қалатын кеңесшісі Берік Уәли неге осы мәселеге келгенде тежегішті басты екен дейтін сауалдың басы қылтияды. Байқауымызша, екі достың әмірі тек Оңтүстікте ғана жүреді-ау. Біздің ғана емес, қазақтілді журналистердің бірнеше күннен бері айтып, жазып жүргені осы тақырып. 

Нұр Отан – халықтың партиясы. Ұлтжандылықты, тәуелсіздікті қастерлеуді басқадан емес, ең алдымен осы саяси институттан үйренуге тиіспіз. Партия өз кезегінде халықтың ең қастерлі ұғымына айналған – Тәуелсіздік ұранын жатса да, тұрса да елдің миына сіңдіруі керек. Әйткенмен, бас партияның Елбасыдан басқа басшылары мен қосшылары үшін Тәуелсіздік күнінің құны соншалықты қымбат болмағаны ма? Болса, аталған жағдайға тоқтау салар еді ғой... 

Тәуелсіздік – аспаннан салбырап, уысымызға оп-оңай түсе қалған жоқ. 1986 жылдың 16 желтоқсан күні талай боздақ қазақтың намысы үшін жанын қиды. Таяқ жеді. Тіпті, тұтастай Кеңес Одағының ыдырап, 15 мемлекеттің тәуелсіздік алуына алғышарт жасап берді. Қызыл империяның қатып қалған қабырғасын сындырды. Тәуелсіздікті де дәл осы күні жарияладық. Міне, біле-білген адамға бұл күн қазақтың ең қастерлі күні. Егемендік үшін жанын пида еткендерге құран оқылатын, ас берілетін күн. Бұл күннен асқан қасиетті күн Қазақстанның күнтізбесінде болмауы тиіс! Той-томалаққа толы жаңа жылды мерекелеуді содан кейінге қалдырсақ та арғы шетінде оншақты күн бар. 

Тәуелсіздіктің қадірін білетін кісі осы үшін аянбай күресуі керек еді. Шырша деген не тәйірі? Сәл шыдай тұруға да болады. Соған әкімдерді көндіру анау айтқандай қиын шаруа емес. Елбасы Мырзахметовтей қазақы ортадан шыққан, қазақ дәстүрін жатқа білетін шенеунікке партияның бір тізгінін тапсырарда осындай мәселелерді біржақты етеді, партияның беделін көтереді деген ойда болғаны айдан анық. Алайда, Мырзахметов пен ақыл айтып, кеңес беруі үшін алдырған, өзін идеялар кені санайтын Берік Уәлидің беделі мен бастамаларының өмірде орын алуы тек Оңтүстікте ғана екен деген ойда қалдық. Астана мен Алматының әкімдері бұл екеуін «авторитет» көрмейтіні білініп қалды. Мүмкін, келесі жылға дейін беделі артып, шырша тігуге құмар, оған Елбасыны қатыстырып, ұпай жинап қалғыш әкімдердің бетін Тәуелсіздік күніне қарай бұрар деген титтей болса да сеніміміз бар. 

Келе жатқан Бас мерекеміз – Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын!

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Мақсат
0 Мақсат 05.12.2015 18:18
Асқарды қайдам, анау Уәли деген жылтырбет Асқарды жексұрын ғып бітетін болды-ау. Қай-қайдағыға ұрынған Асқарға да обал жоқ...
Жауап беру
Гүлжан өскемен
0 Гүлжан өскемен 05.12.2015 20:09
Құрметтілерім менің! Мәселенің бәрі алғаш Тұңғыш Президент күні жарияланған кезде әдеттегідей "белсенді" бір режиссердің мәдени шара ретінде "президент шыршасының шамдарын жағайық" деп сценарийге қосып жіберген "идеясының" кәдімгідей "дәстүрге" айналып кеткендігінде деп ойлаймын. сол таптаурын болып кеткен "шыршаның шамын" жағу деп аталатын "мәдени шараны" жаңа ' тың ұлттығымызды паш ететін....мысалы Елбасымыздың өзі қолдап Астананың төріне орнатқан маңызы еліміз үшін шыршадан да мықты ...ал балаларды ғажайып самұрық құстың ұя салатыны сияқты тамаша ертегіге жетелейтін алып БӘЙТЕРЕГІМІЗГе байланыстырып жаңа мәдени шара ұйымдастыруға болтынын қолында "жоғарыда" отырған ағаларға жеткізетін....дәлелдеп түсіндіретін мәдениетті басқарып отырған...ішкі саясатты басқарып отырған азаматтардың арасынан "батылдар" шықса "шырша шамын" жағуды доғарып..есімдері тарихта қалар еді!!!
Жауап беру
Әкімдік қызметкері
0 Әкімдік қызметкері 06.12.2015 11:57
Тез арада арзан жолмен бедел жинау деген осындай болады. Екеуі де миы бар азамат қой (әйтеуір біз солай ойлайтынбыз), арзан абыройға апаратын жолда осындай "риск" деген болады. Сол рискті бұлар дұрыс бағалай білмеген. Осындай табалдырықтан төмен деңгейлерімен 6 жыл ОҚО қалай басқарған деген ойға қаласың. Сонда бұлар осындай келте ойлап, шолақ қайыратын деңгейлерімен ауыл-шаруашылығына бөлінген миллиардтаған субсидияларды, триллиондаған мемлекеттік бюджетті қалайшы ың-шыңсыз игеріп отырған? Ол енді басқа әңгіме.
Жауап беру
Әкімдік қызметкері
0 Әкімдік қызметкері 06.12.2015 11:58
Енді міне арзан атаққа ұмтылудың арты қандай болатынын аз да болса байқап отыр. Сол жерді Мырзахметовке дейін басқарған Бауыржан Байбек осындай арзан жолды білмеді дейсіңдер ме?! Білді, бірақ оның кеңесшісі Қырықбаев тәжірибесіз арзан қол емес еді.
Шын мәнінде, Берік барған кезде Нұр отанның ендігі жердегі идеологы Ерлан Қарин деген әңгімелер жан-жақтан айтылып жатты. Ол жігіттің Президент Әкімшілігінің Ішкі саясатын басқарғандағы іс-қимылдарын еске алсақ, шындығында қазіргі таңда Нұр отанның негізгі идеолгы сол екендігіне көз жеткізгендей боламыз.
Жауап беру
Sara
0 Sara 06.12.2015 12:11
Мырзахметовтің командасы Атамқұловқа кәдімгідей қарсылық көрсетіп бағуда әлі күнге дейін. Астанадан неше түрлі өсек таратып, ол өсекті жоғарыдағылардың құлағына жеткізіп, сосын мұнда тапсырма етіп түсіртеді....
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Асқар мен Беріктің беделсіздігін шырша әшкереледі

Асқар Мырзахметов пен Берік Уәли «Нұр Отан» партиясының орталық кеңсесіне ауысқан кезде ылғи бірнәрселердің бастамашысы болып жүретін екі дос Астанаға қандай жаңалықтарымен келді екен деп, ел біраз өз...

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ Саясат

Екінші Рязанов енді қайтып тумайды...

Ресейдің талантты кинорежиссері Эльдар Рязанов өткен дүйсенбіде 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Оның қазасын тек орыс халқы ғана емес, кеңестік идеологияға бірге қызмет еткен бұрынғы одақтас р...

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ Мәдениет

Біртілекте жер дауы өршіп тұр

Редакцияға Сарыағаш ауданы, Біртілек ауылынан біртүрлі арыз келді. Біртүрлі дейтініміз, ауыл тұрғындары өз әкімдеріне алданып қалғанын айтып, араша сұрайды. Негізі, әкім дегеніміз сол елдің басшысы ем...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Қазақ қоғамы Құнанбайларға зәру

Өгей әкесінен өлердей қорқатынын айтқан Жаннұр, тұрмысқа ерте шығуға асығатынының себебін осылай түсіндірді. Көздерімді тайдырып әкетіп, жанарымды жеңіммен үйкей салдым. Ал ол болса ауыр күрсініп алды...

Мақпал ТӨРЕБЕК Сорқұдықтың басында

88 ғылыми жаңалығы жоқ 888 ғалымнан не қайыр?

Тас атып, таяқ лақтырсаң ғалымға тиеді. Бұрындары ғалым десе көз алдымызға сақал-мұрты өскен, шашына ақ түсіп, аузынан теоремасы түспейтін Эйнштейн, Ломоносов, Кюри секілді шал-шауқандар, жаңалық ашқа...

Мақпал ТӨРЕБЕК Талмау тұс

«Мемқызмет өсу үшін керек»

Мемлекеттік қызметкерге қойылатын талап та, ішкі тәртіп те жоғары. Әсіресе айдың немесе жылдың соңында кейбір қызметшілер жұмыстарында қона жатып жұмыс жасайды. Өйткені есеп тапсыру олар үшін мемлекет...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Талмау тұс

Екеудің қақтығысы ғаламдық қақтығысқа айналмасын...

Дүниежүзілік соғыстарды өткен ғасырда екі дүркін бастан кешірген адамзат қазіргі таңда және бір жаһандық қақтығыстың табалдырығында тұрғандай сезілуде. Құдай сақтасын деік. Бұл жолғы өзгешелік – ақпар...

Мырзахан Байболов Әлем

Оқушылар қаруды қайдан алады? немесе Жасөспірімдерге 4 түрме аздық етіп жатыр

Бұрындары балаларды болашағымыз деп қуанушы едік. Қазір олар ержеткен сайын әке-шешесі «баламның ертеңі қалай болады?» деген алаңдаушылығы басым. Өйткені аптасына кем дегенде бір-екі рет «кәмелекеттік...

Назым ҚАРШЫҒА Сорқұдықтың басында

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (701) 3144804

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter