Сіздің елдің азаматы кім?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сіздің елдің азаматы кім?

Дала дарабозы – Тұрсынкүл апа

Дала дарабозы – Тұрсынкүл апа

Қазақтың қара шаңырағы саналатын Ұлы қазақ даласындағы ауылдардың бірі, менің ғылым жолына түсіп, мал шаруашылығымен айналысуыма сара жол салған – кезінде «Темір» қаракөл қой зауыты орналасқан кешегі Қарақоңыр, бүгінгі Шәмші Қалдаяқов атындағы ауыл. 

Шеберханасы жоқ ұста

Шеберханасы жоқ ұста

Түлкібас ауданының Ақбиік ауылында ағаштан ою ойып, түйін түйетін кәнігі ұста тұрады. Атакәсіппен бала кезінен бері үзбей айналысып келе жатқан Жүсіп Амантайұлымен аз-кем әңгімелескен едік. 

Бауыржан Әбішов, каскадер: «Сильвестр Сталлонемен төбелестім»

Бауыржан Әбішов, каскадер: «Сильвестр Сталлонемен төбелестім»

«Три метра над уровнем неба» фильміндегі Аченың бейнесіне өлердей ғашық болып ем. Сөйтсем, ол мен ойлағандай идеал жігіт емес екен. Белтемірге тартылғанда, аяғының астына орындық қойып алыпты. Суретінен көрдім», – дейді оқушы қыз. Қайтпас қайсар көрінген, алдынан шыққан дұшпандарын жан-жаққа сұлатып салатын кейіпкерлердің барлығы бірдей кинодағы айла-тәсілдерін өздері жасамайды. Көпшілігін каскадерлар жасайды. Тәуекелді талап ететін бұл мамандықты таңдайтындардың қатарында қазақтардың қарасы көбейіп келеді. Тіпті, қазақстандық каскадерлар әлемдік фильмдерге жиі түсе бастады. Соның бірі – Kazakh union каскадерлық тобының жетекшісі, Оңтүстіктің, соның ішінде киелі Отырар ауданының тумасы – Бауыржан Әбішов.

Ербол Серікбай, «Сұрақ-жауап» сайтының авторы: «Сұрақ-жауаптың» арқасында үй салдым»

Ербол Серікбай, «Сұрақ-жауап» сайтының авторы: «Сұрақ-жауаптың» арқасында үй салдым»

– Ербол, Оңтүстіктің тумасы екеніңізден хабарымыз бар. Бүгінде мыңдаған қолданушысы бар «Сұрақ-жауап» сайтының авторысыз. Ғаламтордың аса бір белең ала қоймаған уағында туылған балада «сайт ашсам» деген арман бола қоймаған шығар. Әңгімемізді балалалығыңыз бен бала арманыңыздан бастасақ...

Еркебұлан Жолдасов, режиссер: «Біздің туынды көшірме емес»

Еркебұлан Жолдасов, режиссер: «Біздің туынды көшірме емес»

Жақында ғана ұлттық арнадан «Өмірдің өзі новелла» атты лирикалық және драмалық оқиғалардан құралған телехикая қалың көпшілікке жол тартқан еді. 24 бөлімнен тұратын фильмнің екі көрсетілімін тамашалаған көрермендер оған оң баға беріп үлгерген көрінеді. Біз де көкейде жүрген сауалдың жауабын алу үшін жас режиссермен кино төңірегінде сұхбаттасқан болатынбыз.

Т.Әубәкіров: «Киелі қасқырға кезенген мылтығымның оқтары шашылып қалды»

Т.Әубәкіров: «Киелі қасқырға кезенген мылтығымның оқтары шашылып қалды»

Өзін көкбөрінің ұрпағымыз деп есептеген бабаларымыз қасқыр аңын ерекше кие тұтқанын жақсы білеміз. Түркі қағанаты кезінде байраққа бөрінің суреті бейнеленсе, қасқырдың тырнағын, тісін тұмар ету үрдісі қазақта әлі бар. Өйткені, қасқыр – ержүректіктің, батырлықтың символы, оның иісінен жын-шайтанның өзі аулақ жүреді деген сенім бар.

«Әбіш ағаның еңбекқорлығы таң қалдыратын»

«Әбіш ағаның еңбекқорлығы таң қалдыратын»

«Бір ұрпақ екінші ұрпаққа тек өмір сыйлап қана қоймайды, өмір сүре білудің тәсілі мен тәжірибесін де мұраға қалдырады».

Әбіш КЕКІЛБАЙ

Желтоқсан айы – қазақты арда азаматынан, тау тұлғалы перзентінен, талантты ұлынан айырды. Ел Тәуелсіздігінің 24 жылдығын тойлауға небары 4-5 күн қалғанда аты алты алашқа мәлім жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев дүниеден озды. Әбіш ағаны білетіндер, оның шығармашылығымен таныс адамдар бір-біріне қимастықпен көңіл айтып жатты. 

«Жүрмесем, жүрмей-ақ қояйын...»

«Жүрмесем, жүрмей-ақ қояйын...»

Бес балалы отбасында өмірге келген кентаулық Мадинаның кішігірім сахналарда ән сала бастағанына көп бола қойған жоқ. Балалық шағының көбісін төрт қабырғамен тілдесумен өткерген ару мектепті де үйде оқиды. Студент атанар шағында да өз-өзін ән салумен жұбатады, әнмен алға жетелейді. Бір сөзбен айтқанда, оны келешегіне деген күмәннан, ішкі қорқынышынан ән құтқарады. 

Шежіре жасайтын сәулетші

Сайрам ауданының тұрғыны Нұрхан Сейітов әулет шежіресін жасайды. Бүгінде алпыс алты жасқа келген қария аталмыш кәсіпті жүзеге асыруды 10 жылдан бері ойлап келіпті. Бірақ, ол ойын зейнетке шыққан соң ғана қолға алудың сәті түскен. 

Қарызын сұрамайтын дүкенші

Сарыағаш ауданы Ошақты ауылының тұрғыны Қошқар Құрбанбаев осындағы «Қазына» дүкенінің меңгерушісі. 1991 жылдан бері сауда-саттықпен айналысып келе жатқан ол, осыдан 11 жыл бұрын ауылға көшіп келіп, дүкен ашады. Сондай-ақ, ол бірнеше адамды жұмыспен қамтып, тіпті дүкенін киім-кешек пен тұрмыстық заттарға дейін толтырып қояды. Осының арқасында жағдайы түзелгенін жасырмаған орта жастан асқан кісі он жылдан бері намазға жығылып, ораза ұстайды екен. Сондықтан болса керек, оның сөрелерінде ішімдік атаулы атымен жоқ. 

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter