Сіздің елдің азаматы кім?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сіздің елдің азаматы кім?

Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ, тарихшы, қытайтанушы: «Қытайды орыс, ағылшын тілдеріндегі деректер арқылы зерттеумен шектелуге болмайды»

Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ, тарихшы, қытайтанушы: «Қытайды орыс, ағылшын тілдеріндегі деректер арқылы зерттеумен шектелуге болмайды»

– Нәбижан аға, егемендіктің елең-алаңындағы күрделі кезеңге қарамастан Қазақстанға қоныс аударыпсыз...

Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ, тарихшы: «Ұлттық мәселелермен ешкімнің шаруасы жоқ»

Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ, тарихшы: «Ұлттық мәселелермен ешкімнің шаруасы жоқ»

– Қойшығара аға, ғалымдар тарапынан біздің тарихымызға қатысты екі кітапқа қилы-қилы пікірлер айтылады. Бірі – Қазыбек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты кітабы. Өзгеге қайдам, өзімізге бұл ретте айтылған пікірлердің арасында Қабдеш Жұмаділовтікі құлаққа кіреді. Екіншісі – Қытайдан шыққан «Шипагерлік баян» деген кітап. Мұны «Шыңжаңдағы белгілі басшылардың тапсырысымен Алтай өңірінде қолдан жасалған тарих» деп бағалайды. Көзі қарақты ғалым ретінде Сіздің көзқарасыңызды білсек.

Оңтүстіктің журналистері Бердібекті аңсайды

Жыл сайын маусымның 28-інде журналистер қауымы өздерінің кәсіби мерекесін тойлайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша атаулы дата қарсаңында тілшілердің құрметіне түрлі байқаулар ұйымдастырылып, қорытындысы шығарылады. Жыл он екі ай өнімді еңбек еткен қалам иелері марапатталады. Арнайы сыйлықтар мен жүлделер табыс етіледі. Қала берді, әжептәуір мейрамханада дастарқан жайылады. Болды. Шерханша (Мұртаза) айтсақ, «Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» журналистерге деген қоғамның ілтипат-ізеті осымен тәмам. Жүрісінен жаңылмайтын, көзіміз үйренген жылдағы сценарий – осы. Бұдан кейін журналисті қошемет көрсетіп, еңбегін бағалау үшін ешкім іздемейді де. Қайтадан сол баяғы Ахаңдар салып берген сүрлеуге түсесіз. Халықтың көзі, құлағы һәм үні боласыз. Бұқараның санасына оң өзгерістер сіңіріп, қоғамның дамуына жол сілтеп, ықпал етуге тырысасыз. Қарашаның мұң-мұқтажына құлақ түріп, оның оңынан шешілуіне жанұшыра көмектесесіз.

Самат Сапарбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының әкімі: «Біздің мақсат – Сайрамды индустриясы дамыған ауданға айналдыру»

– Самат Айдарханұлы, жаңа қызметіңіз құтты болсын. Сайрам ауданы сізге бөтен емес, өзіңіз туып өскен мекен. Бұл аймақтың бүкіл ой-шұқырын, проблемаларын, оны қалай шешуге болатындығын жақсы білесіз деген ойдамыз. Әкім болу оңай шаруа емес, оның үстіне халқының саны ширек миллионнан асатын ауданды басқару екінің біріне бұйыра бермейді.

Оңалбай АЯШЕВ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ОҚО мәслихатының депутаты: «Жер халық игілігінде болуы керек»

Оңалбай АЯШЕВ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ОҚО мәслихатының депутаты: «Жер халық игілігінде болуы керек»

– Оңалбай аға, алғашқы сұрағымызды Жетісайдағы  Сырдария университеті төңірегінде бастасақ. Біліуімізше, сізге бағынышты осы оқу орны Венгрия мемлекетімен әріптестік орнатып, тығыз қарым-қатынас жасап жатыр екен. Әріптестік шеңберінде нендей жаңалықтар болмақ?

Олжастың заңғар биігі

Олжастың заңғар биігі

Ұлы Дала перзенті – Олжас Сүлейменов жеке тұлға, сөз зергері, қайраткер ретінде күллі әлемде танылып, мойындалған дара құбылыс. Оның шығармаларын орыс тілінде жазуы әлемдік кеңістікке кең жол ашты. Алайда, бұл Олжас Омарұлының ақындық һәм публицистік, зерттеушілік шығармашылықтарының шынайы қазақтық мазмұн-маңызын теріске шығара алмайды. Ол өз халқына күллі шығармашылық талантымен адал қызмет етіп келген және ете беретін бітім-болмысы шынайы қазақ зиялысы болып саналады. 

Алмасбек МАМЫТБЕКОВ, Ордабасы ауданының әкімі: «Темірлан тоқырап қалады» деген пікірге қосылмаймын»

Алмасбек МАМЫТБЕКОВ, Ордабасы ауданының әкімі: «Темірлан тоқырап қалады» деген пікірге қосылмаймын»

Ордабасы ауданының еліміз үшін орны бөлек. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда үш елдің президенттері Ордабасы тауында бас қосып, елдің татулығы мен ынтымағы жайлы сөз еткені де белгілі. Күш атасы Қажымұқан да өзінің мәңгілік мекенін осы өңірден тапты. Әрине, еліміздің басқа өңірлері сияқты бұл ауданда да атқарылып жатқан жүмыстар аз емес. Есесіне, әлі шешімін таппай жатқан шаруалар да бар. Біз бүгін киелі өңірдің тыныс-тіршілігін сөз ету үшін аудан әкімі Алмасбек Мамытбековты сұхбатқа шақырып отырмыз. 

Шымкенттің «шіріген» байлары кімдер?

«Ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда». Бұл мәтелдің пайда болғанына көп жылдар өтсе де, әлі күнге дейін ақшасы бардың әмірі жүріп тұрғаны рас. Көп адамның санасын рухани құндылықтардан гөрі, материалдық байлық билеп алды. Үнемі болмаса да, қалтаң саяз болды дегенше, өз ортаңда сый-құрметсіз қалатының жасырын емес қой. Бұл әсіресе балқып-шалқып өмір сүріп, кейін түрлі себеппен барынан айырылып қалғандар үшін өте таныс жағдай. Міне, көрдіңіз бе, байлықты қоғамның өзі қажет етеді. Байлық демекші, бүгінгі мақаламызда Шымкенттің қалталылары туралы азды-кем әңгіме өрбітпекпіз. 

Бақытжан АЛДИЯР, ақын: «Әдебиетте адасып жүргендердің атын атасам...»

Бақытжан АЛДИЯР, ақын: «Әдебиетте адасып жүргендердің атын атасам...»

– Бақытжан аға, бір кездері «артыңызға қарауға» қорқатын едіңіз. Бүгінде әдебиетте соңыңыздан ерген жастардың қарасы көбейді. Бір жас ақын «Мархабат Байғұт еленбегенде жастарға не жорық? Жастар қолдауды түстерінде көреді» деп еді. Сіз де жүріп өткен жолдар ғой, аға буын ретінде артыңыздан ергендерге қаншалықты алаңдайсыз?

Өнімі табан дертіне дауа

Өнімі табан дертіне дауа

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің PhD докторы, доцент Бекжан Абзалбекұлы – ел аумағында отандық ортопедиялық аяқ киім жасаумен айналысып келе жатқан жалғыз өнертапқыш. Университет базасында әзірленіп келген оның өнімдері алдағы уақытта «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС-де өндірілетін болады. 

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter