Самат Сапарбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының әкімі: «Біздің мақсат – Сайрамды индустриясы дамыған ауданға айналдыру»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Самат Сапарбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының әкімі: «Біздің мақсат – Сайрамды индустриясы дамыған ауданға айналдыру»

  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

– Самат Айдарханұлы, жаңа қызметіңіз құтты болсын. Сайрам ауданы сізге бөтен емес, өзіңіз туып өскен мекен. Бұл аймақтың бүкіл ой-шұқырын, проблемаларын, оны қалай шешуге болатындығын жақсы білесіз деген ойдамыз. Әкім болу оңай шаруа емес, оның үстіне халқының саны ширек миллионнан асатын ауданды басқару екінің біріне бұйыра бермейді.

Ал енді сұхбатымызды жер төңірегінен бастасақ. Сайрам ауданында жерге қатысты бірнеше даулы мәселелер орын алып, баспасөзде талай мәрте көтерілген еді. Мәселен, КТК телеарнасы «бір жер телімін бірнеше адамға сатқанды айтпағанда, атқамінерлер бай туыстарына тегін үлестіріп жатыр» деп ақпарат таратты. Сол ақпараттан ұққанымыз тұрғындардың қолында жер иесі екені туралы құжаттары бар екен. 7-8 жыл бұрын елге сатқан жерлерін 2012 жылы Сайрам әкімдігі өздері қайтадан қайтарып алыпты. Осыншама уақыт әділдік таппаған қараша әкімнің кетуін талап еткен болатын. Ол әкімнің мәжіліс депутаты болып өсіп кеткенін білесіз. Алайда тұрғындар шағымданған сол мәселе шешімін тапты ма?

– Өзіңіз айтқандай, Сайрам ауданында жер теліміне байланысты біраз проблемалар бар екені рас. Бұқаралық ақпарат құралдарынан жариялаған жер телімі туралы күрделі мәселе бойынша қазіргі таңда 5328 шешім негізінде қалған 2671 ауыл тұрғындарының өтініштерін қанағаттандыру мақса-тында Ақсу ауылының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, жаңадан қосылған жерлердің топотүсірілімі мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын жасауда және аудан аумағына қатысты жер мәселесі бойынша туындаған үлкенді-кішілі мәселелерді шешу үшін қажетті жұмыстар жүргізілуде.

– Халық арасында үлкен резонанс туғызған жер мәселесіне қатысты Сайрам ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр ма? Жалпы, бос жатқан жерлер қанша? Жекенің қолында қанша жер бар?

– Қазіргі таңда ауданның пайдалануындағы жер көлемі 114761 гектарды құрап отыр. Менің өкіміммен аудан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарына, кәсіпкерлік мақсатқа және жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу жөнін-дегі аудандық комиссия құрылып, аудан әкімі орынбасарының төрағалығында және тиісті бөлім басшыларының, ауыл округі әкімдерінің, аудан мәслихаты депутатының қатысуымен жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, аудан әкімі орынбасары төрағалық ететін тиісті бөлім басшыларының, ауыл округі әкімдерінің, жергілікті полиция және аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен мобильдік топ құрылды.

– Қай жерге болмасын жаңа басшы келгенде бір жаңалығын ала келеді. Жаңа леппен жұмыс бастап, елдің көңілінен шыққысы келетіні айтпаса да түсінікті. Сайрам ауданына әкім болып келгенде жұмысты неден бастадыңыз? Қандай жаңалық ала келдіңіз? Алдағы жоспар қандай?

– «Тазалық – денсаулық кепілі» – демекші, бірінші аудан аумағын көріктендіру мен көгалдандыру, тұрақты түрде тазалықты сақтау мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, өзіңізге белгілі халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті таза ауыз су, табиғи газ, жарық көздері керек. Сондықтан да, халықты таза ауыз сумен, табиғи газбен, жарықпен үзіліссіз қамтамасыз ету ең басты мәселенің бірі деп білемін. Осы жоғарыда аталған мәселелер бойынша аудан көлемінде проблемалық мәселелерде бар, соған байланысты тиісті жұмыстарды жүргізіп, халық игілігі үшін оң нәтижесін шығару қазіргі уақыттағы басты жоспарымыз болып отыр.

– Шикізат экспортына тәуелді Қазақстанның қазіргі экономикасы шағын және орта бизнесті дамытуға аса мүдделі болып тұр. Осы тұрғыда әсіресе «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының Сайрам ауданында іске асырылу барысы қай деңгейде? Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша да айтып өтсеңіз.

– 2016 жылдың 5 айында жалпы ауданның шағын және орта кәсіпкерлігінде тіркелген кәсіп орындар саны 15286-ны құрады. Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатында аудан көлеміндегі микрокредиттік ұйымдар арқылы несие берілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы 2016 жылдың 5 айында 5 жоба бағдарламаның субсидиялау және кепілдендіру бағыттары бойынша қолдау алды.

Сондай-ақ, ауданымыз облыстық өнеркәсіп өнімінің 2,7% құрайды. Ал, бес институционалдық реформаның 3 – реформасы индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету аясында 2016 жылы өнеркәсіп өнім көлемін 19,9 млрд.теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда өнеркәсіп саласын дамыту 2 бағытта жүргізіліп жатыр, яғни 1-бағыт аудан өнеркәсібінің 76,4% өңдеу өнеркәсібі құрайтындықтан, жаңа кәсіпорындар ашу есебінен өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемін арттыру болса, 2-бағыт аудандағы бар резервтерді пайдалану есебінен аудан экономикасын көтеру бойынша керекті жұмыстар жасалынып жатыр. Біздің басты мақсатымыз – өнеркәсіп орындарының санын көбейтіп, Сайрам ауданын ауыл шаруашылығымен бірге индустриясы дамыған аудандардың біріне айналдыру.

– Сайрам ауданында әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары мен мүгедек балаларға қандай қамқорлық жасалуда? Қарттар мен мүгедек жандарға қандай әлеуметтік көмек берілуде?

– Бүгінгі таңда Сайрам ауданы бойынша 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 1572, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 182 адамды құрап отыр. Мемлекет тарапынан мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар толығымен төленуде. Мүмкіндігі шектеулі балалар үйде, әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде нақты күтім алуда. Халықаралық қарттар және мүгедектер күніне орай мерекелік іс шаралар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, демеушілер есебінен қоларба, мұқтаж заттар әперіліп, денсаулық сақтау мекемелеріне жолдама беріліп, коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер көрсетіліп жатыр.

– Әңгімеңізге рахмет.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter