Б.Атамқұлов Шымкентті аралап жүр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Б.Атамқұлов Шымкентті аралап жүр

ОҚО әкімі Б.Атамқұлов Шымкенттегі медицина саласы бойынша сәтті жұмыс істеп жатқан қос кәсіпорын жұмысымен танысып қайтты. Оның біріншісі – рес-публика бойынша фармацевтика саласындағы ірі кәсіпорын болып саналатын «Химфарм» АҚ. Аталған өндіріс орнының мемлекеттік сатып алу нарығындағы үлесі 45 пайызды құрайды. Бүгінде мұнда таблетка, капсула, сироп, май, мазь, гель, су және спирттік ерітінділер, инъекциялық ерітінді түріндегі дәрі-дәрмектер, яғни, 12 фармакологиялық топта 200-ге жуық дәрі шығарылады.

Аймақ басшысы ат басын бұрған екінші кәсіпорын «KAZMEDPRIBOR Holding». Аталған мекеме медициналық құрылғыларды шығарады және де жедел жәрдем машиналарын жабдықтайды. Алдағы уақытта компания диагностикалық медициналық құрылғылардың ірі өндірушісі «Shimadzu Corporation» компаниясымен бірлесіп рентген-диагностикалық аппараттар өндірісін бастамақ. Нақтырақ айтқанда, шымкенттік медицина кәсіпорны «Shimadzu Corporation» мекемесімен бірігіп рентген-диагностикалық аппараттар өндірісін қолға алмақшы. Нәтижесінде жылжымалы, телебасқарушы рентгендиагностикалық кешендер мен палаталық рентген-аппарат, рентгенграфикалық жүйелерді өндіреді. Қазіргі таңда шымкенттік мамандар болашақта бірігіп жұмыс жасайтын зауытта білімін шыңдауда. Айта кетейік, «Shimadzu Corporation» - диагностикалық медициналық құрылғылардың ірі өндірушісі болып табылады. 

Екі өндіріс орнының жұмысымен танысқан облыс әкімі мұндай зауыттардың жұмыс істеуі өңір үшін аса маңызды екенін атап өтті. Соның ішінде өнім көлемін арттыру арқылы шет елден келетін тауарлардан бас тартуға мүмкіндік туатынын жеткізді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter