Бес жылда 100 пайыз балабақшамен қамтылмақ
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бес жылда 100 пайыз балабақшамен қамтылмақ

  • Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Облыс әкімі Б.Атамқұлов өңірдің 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасымен танысты. Арнайы өткен жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаев 2016-2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында алты бағыт қарастырылғанын атап өтті.

Даму бағдарламасы жүзеге асатын болса, аймақтың бірқатар өзекті проблемалары оң шешімін таппақ. Оларға мысал келтіретін болсақ, яғни, алдағы бес жылда қала тұрғындары 100 пайыз, ауылдық елдімекендердің 80 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізеді. Сондай-ақ, білім саласы бойынша да оң өзгерістер орын алмақ. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою, балабақшамен қамтуды 77,7 пайыздан 100 пайызға жеткізу көзделген. Басқарма басшысы даму бағдарламасын таныстыру сәтінде аймақ басшысына ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржыны 5 пайызға арттыру туралы ұсынысын айтты. Өйткені бұл сала аймақтың негізгі бағыты болып табылады. Алдағы уақытта бес жылдық даму тұжырымдамасына толықтырулар енгізіліп, әкімдік оны облыстық мәслихат депутаттарының назарына ұсынатын болады.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter