Показать содержимое по тегу: Бәйдібек ауданы
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бәйдібек ауданында астық ору науқаны басталды

Бәйдібек ауданында егінге орақ түсті. Жалпы, ауданда биыл масақты дақылдардың егіс көлемі 31 мың 824 гектар жерге егілген. Бүгінгі таңда 3540 га бидай орылып, қамбаға 6600 тонна өнім жиналды. Ал арпаның 960 гектары орылып, 960 тонна өнім алынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Подробнее ...

«Бәйдібек ауданына керексіз болса, Сайрамға ауыстырсын»

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек ауданында Орынбай Тайманов атындағы елдімекен бар. Кеңес Одағының тұсында Төменгі Боралдай совхозы деп аталған ауылдың тыныс-тіршілігі қыз-қыз қайнап жататын. Аталмыш кеңшарда бір сиыр кешені, 15 шақты отар қой, 2 асыл тұқымды шошқа кешені, қаптаған тракторлар мен жүк машиналары, ертегідегідей егіні мен егістігі болған. Сондықтан да ауылдан мемлекетке жылына тонна-тонна ет, жүн, бидай өткізіліп жататын болса, тағы тонна-тонна сүтіңіз күнделікті тапсырылатын. Ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, нәпақасын тапқан ауыл халқы дән разы еді. Тұрмыстары тұшымды болатын. 

Подробнее ...

«Желден де ақша жасаймыз»

Айдарымыздың бүгінгі кейіпкері – Бәйдібек ауданының әкімі Батырбек Көшербай. Батырбек Көшербай 1967 жылдың 15 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданына қарасты Мәдени ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Леңгір ауданы, Коммунизм колхозындағы «Мәдени» жалпы орта мектебінің табалдырығын аттаған. Мектепте оқу озаты болмаса да, есеп шығаруда алдына жан салмай, қатарластарын шаң қаптырып жүріпті. Жас болып, талай бұзықтық та жасаған. 8-сыныпты бітірген соң өзге сыныптастары секілді техникумға құжат тапсырады. Сөйтіп, 1982 жылы Шымкент кооперативті техникумының студенті атанады. 

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter